AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жүрек жылуы – балаға»: Алматыда жүректерді жылытқ...

«Жүрек жылуы – балаға»: Алматыда жүректерді жылытқан Қамқоршылар күні өтті

Әлеумет Бүгін 16:15 96
«Жүрек жылуы – балаға»: Алматыда жүректерді жылытқан Қамқоршылар күні өтті
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Бүгінде асқақ мегаполисте 718 қамқоршы отбасы 921 балаға пана болып, жүрек жылуын сыйлап отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) қабырғасы бұл күні ерекше нұрға, балалардың сыңғырлаған күлкісі мен мейірімге бөленді. Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған Қамқоршылар күніне арналған «Жүрек жылуы – балаға» атты салтанатты іс-шара жүректерді тебірентерлік әсерлі сәттерге толы болды. Шараның басты мұраты – тағдырдың жазмыш сынымен ата-ана жылуынан ерте айырылған бүлдіршіндерге жүрек жылуын ұсынып, қанатының астына алған қамқоршы отбасылардың қажырлы еңбегін ардақтау, отбасылық құндылықтардың қасиетін ұлықтау және өскелең ұрпақтың ертеңіне жауапкершілікпен қарайтын жандарға қоғамның шексіз алғысын жеткізу.

Бүгінде асқақ мегаполисте 718 қамқоршы отбасы 921 балаға пана болып, жүрек жылуын сыйлап отыр. Салтанатты жиынның төрінде қуаныштан көздері жайнаған балалар мен мейірімі төгілген ардақты қамқоршылардың жүздерінен шынайы бақыт пен тыныштық лебі есіп тұрды. Бұл күні қалалық басқарма өкілдері, 33 қамқоршы мен қорғаншы отбасы, ақ жүректі қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері басын қосып, бір шаңырақ астындағы үлкен отбасыдай үйлесім тапты.

Мереке шырайын кіргізген шара барысында балаларға қамқор болып, өнегелі тәрбие беріп отырған үздік отбасыларға құрмет көрсетіліп, Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің атынан алғыс хаттар мен Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының естелік сыйлықтары салтанатты түрде табысталды.

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаева отбасы институтының қоғамдағы өлшеусіз рөліне тоқталып:

«Әрбір бала мейірім мен сүйіспеншілікке толы отбасылық ортада өсуге құқылы. Қамқоршы отбасылар – тағдыр тәлкегіне түскен балаларға үміт сыйлап, олардың болашағына жол ашатын үлкен жүректі жандар. Бүгінгі «Жүрек жылуы – балаға» шарасы – тек мерекелік кездесу емес, бұл – бала тағдырына бейжай қарамайтын азаматтарымызға деген шексіз алғысымыз бен құрметіміздің көрінісі. Біз балалардың құқығын қорғау және отбасылық құндылықтарды ұлықтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береміз», – деп тебірене жеткізді.

Бұл күннің мазмұнын байыта түскен құрметті қонақтар қатарында Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан балалар үйлері түлектері қауымдастығының Президенті Рафаэль Гасанов, «БиС Проект» ЖШС генералды директоры, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі Бекболат Шунгилов, «ECO-QOGAM» ҚҚ директоры, қоғам қайраткері Сана Жандай, кәсіпкер әрі жеке инвестор Ислам Карагезов, «Түркі халықтарының алматы мәдениет қоры» ҚҚ өкілі Нуретдин Гекгуль, Алматы қаласы отбасын қолдау орталығының басшысы Ақмолжан Зарипов және М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары Эльмира Омарова болды. Олар қамқоршылық саласының жанқиярлық қызметкерлеріне ізгі тілектерін арнап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Жиында сөз алған меценат Бекболат Шунгилов:

«Екінші деңгейдегі банктер жанынан арнайы қор ашып, осы іске үлес қосқым келеді. Мен өз компаниямның табысының 10 пайызын балалар қорына тұрақты түрде аударып отыратын боламын», – деп көпшіліктің көңілінен шықты.

Ал Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Рафаэль Гасанов қамқоршы отбасыларға алғыс айтып, балалардың бақытты болашағы жолындағы бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді.

Шараның көркін қыздырып, балалардың жүзіне күлкі, көрермендерге ерекше шабыт сыйлаған өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың өнері кешке ерекше сән берді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сахна саңлағы Толқын Забирова, Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының әншісі Қаламқас Қадырбаева, сондай-ақ талантты жастар Әдік Жексенұлы, Інжу Әнуарбек, Ғаламат Бейсеқожа және «Jiger & Janat» дуэті әсем әндерін шырқады. Мұнымен қатар, «Ықылас» этно-ансамблі көрерменді әуезді әлемге бөледі.

Іс-шара шаттыққа толы мерекелік бағдарламаға және қамқоршы отбасылар мен балалардың өз арасындағы шынайы әрі жылы кездесу форматына ұласты. Балалардың балғын көздеріндегі қуаныш пен шат күлкісі баршаға үміт сыйлады. Қамқоршы отбасыларға бақ-береке, ал балаларға алаңсыз да бақытты балалық шақ тілейміз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Баспана, әлеуметтік қолдау және көлік: Алматы әкімінің қабылдауында тұрғындар қандай жайттарды көтерді

Бүгін 20:11

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымы жобаларымен танысты

Бүгін 19:15

Алматыда кітапқұмар отбасылар бас қосты: №219 мектептегі ерекше күн

Бүгін 18:48

Абай университетінде 10 мың студент қатысқан «Таза Қазақстан» апталығы аяқталды

Бүгін 18:41

Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);