AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / Абай университетінде 10 мың студент қатысқан «Таза...

Абай университетінде 10 мың студент қатысқан «Таза Қазақстан» апталығы аяқталды

Таза Қазақстан Бүгін 18:41 49
Абай университетінде 10 мың студент қатысқан «Таза Қазақстан» апталығы аяқталды
«Abai University» медиа орталығы

Білім алушылар бірнеше оқу корпусы алаңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулаларды ағаш жапырақтары мен қоқыстардан тазартты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында арнайы өткізілген экологиялық апталық өз жұмысын қорытындылады. Апталыққа қара шаңырақтың 10 мың ерікті студенті қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Оған шетелдік білім алушылар да қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап» деген болатын. Осындай игі құндылықтарды мақсат еткен апталық өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті күшейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ студенттерді ортақ іске жұмылдырып, қоғамдық жұмыста белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттауда құлшынысты арттыруға шақырды.

Апталықтың жабылуына Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аға мемлекеттік инспекторы Салтанат Амантайқызы арнайы қатысып, жастардың экологиялық белсенділігін жоғары бағалады.

Университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау аталған жобаның Жаңа Конституцияға негізделгенін, қауіпсіз, дамыған және таза қоғамды қалыптастыруға бағытталғанын алға тартты.

– «Таза Қазақстан» акциясы Президентіміздің бастамасымен жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен бұл науқан айналамызға жанашырлық танытып, табиғатты құрметтеуді үйретеді. Апталық барлық факультетте ұйымдастырылып, бүгінгі қорытындысына бес факультеттің білім алушылары жиналды. Осындай бастамалар арқылы студенттер университет қабырғасында кәсіби білім ғана емес, патриоттық ұстаным мен жауапкершілігін де қалыптастырады, – деді проректор.

Республика күні мерекесіне байланысты ұйымдастырылған экологиялық апталық 30 қазанға дейін білім ордасының барлық кампустарында апта бойы жалғасып жатты. Бүгін университет бас ғимаратының алдына жиналған білім алушылар бірнеше оқу корпусы алаңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулаларды ағаш жапырақтары мен қоқыстардан тазартты.

Айта кетейік, Абай университетінде «Таза Қазақстан» акциясын қолдау бағытында өткізілетін сенбіліктер мен іс-шаралар мұнымен толастамайды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жыл бойы жалғасын таппақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымы жобаларымен танысты

Бүгін 19:15

Алматыда кітапқұмар отбасылар бас қосты: №219 мектептегі ерекше күн

Бүгін 18:48

Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді

Бүгін 18:30

Алматыда Первомайская нефтебаза көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 16:18

«Жүрек жылуы – балаға»: Алматыда жүректерді жылытқан Қамқоршылар күні өтті

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);