Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ЖОО мен ғылым саласында жаңа Конституция құндылықт...

ЖОО мен ғылым саласында жаңа Конституция құндылықтарын енгізу жұмысы күшейді

Білім және ғылым Бүгін 09:39 26
ЖОО мен ғылым саласында жаңа Конституция құндылықтарын енгізу жұмысы күшейді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанда жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын түсіндіру және білім беру үдерісіне енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Наурыз айының аяғында ел бойынша 250-ге жуық іс-шара өтіп, оған 10 мыңнан астам студент, оқытушы және жас ғалым қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр.

24-31 наурыз аралығында еліміздегі барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылауға арналған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Республика көлемінде студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлердің қатысуымен кездесулер, сараптамалық пікірталастар, дөңгелек үстелдер мен өзге де диалог алаңдары өтті.

Жалпы саны шамамен 250 іс-шара өткізіліп, оған профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері, докторанттар, магистранттар және жас ғалымдарды қоса алғанда 10 мыңнан астам адам қамтылған.

Талқылаулардың негізгі өзегіне Мемлекет басшысының 19 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қауымдастықпен кездесуде айтқан бастамалары арқау болды.

31 наурызда елдегі бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында арнайы тақырыптық талқылаулар өтті. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Қарағанды техникалық университеті бар.

Ал 1 сәуірде осындай мазмұндағы іс-шаралар Шәкәрім университетінде, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жалғасты.

Кездесулер барысында қатысушылар ғылым мен жоғары білімді дамытудың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, ғылыми әлеуетті күшейту, университеттердің рөлін арттыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылымды экономиканың нақты секторымен ұштастыру, цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелері сөз болды.

Министрлік мәліметінше, мұндай шаралар жастар арасында конституциялық құндылықтарды орнықты түсіндіруге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы: салыстырмалы талдау» атты әдістемелік нұсқаулық әзірлеген. Бұл еңбек Ұлттық коалицияның жұмысында пайдаланылған.

Қазір жаңа Конституцияға қатысты әдістемелік ұсынымдар мен ғылыми түсіндірмелер де профильдік мамандар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен дайындалып жатыр.

Бұдан бөлек, жаңа Конституция нормаларын оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізу жұмыстары да жалғасуда. Әсіресе жоғары білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01

Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді

Бүгін 10:49

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Бүгін 10:26

"Әй, ақкөңілім-ай". Мақпал Жүнісова концертіне келген 90 жастағы әжеге жүз мың теңге сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 10:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика