конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жібек жолы ауылындағы қанды қылмыс: күдікті бұрын...

Жібек жолы ауылындағы қанды қылмыс: күдікті бұрын сотталған

Оқиға 06.03.2026, 09:50 501 Дина
Жібек жолы ауылындағы қанды қылмыс: күдікті бұрын сотталған

Ақмола облысы Жібек жолы ауылында бірнеше адамның өліміне қатысты ұсталған күдіктінің бұрын сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қылмыстық істің кейбір мән-жайын Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша, күдікті қазір қамауға алынып, сот санкциясымен тергеу изоляторында отыр.

«Күдікті бұрын сотталған. Қазір ол күдікті ретінде танылып, қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша бірнеше жәбірленуші бар екенін растаймын. Қаза тапқандардың барлығы анықталып, олардың жеке басы сәйкестендірілді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – деді министрдің орынбасары Сенат кулуарында.

Еске салайық, 2 наурыз күні Астана маңындағы Жібек жолы ауылында бір отбасының бірнеше мүшесі өлтірілгені туралы ақпарат тараған еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Марқұмдардың туыстары мен көршілері ұсталған адамның психиатриялық есепте тұрғанын айтқанымен, ІІМ бұл ақпаратты растаған жоқ. Дегенмен күдіктінің бұрын сотталғаны нақтыланды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмысын жалғастырып жатыр. Ал Ақмола облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан түрлі болжамдар мен жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Полиция мәліметінше, күдікті қылмыс жасалғаннан кейін көп ұзамай ұсталған. Қылмыстық іс кісі өлтіру фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін 11:14

Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:06

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);