конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Жетінші арнада сайлауалды теледебаттарға қатысушыл...

Жетінші арнада сайлауалды теледебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу реті анықталды

Құрылтай Бүгін 06:13 37
Жетінші арнада сайлауалды теледебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу реті анықталды
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Жеребе тартуға Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жетінші арнаның тікелей эфирінде 5 тамыз күні Астанадағы «Қазмедиа орталығы» концерт залында өтетін сайлауалды телевизиялық дебаттарға қатысатын саяси партиялар өкілдерінің сөз сөйлеу кезегін анықтайтын ашық жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тартуға Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері қатысты. Рәсім ашық форматта ұйымдастырылып, барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндік пен үдерістің ашықтығын қамтамасыз етті.

Жеребе тарту рәсімін өткізу үшін ішінде реттік нөмірлер жазылған карточкалар салынған арнайы ыдыс пайдаланылды. Жүргізуші партияларды кезекпен атап, әр партияның өкілі нөмір жазылған карточканы өзі таңдады. Жеребе нәтижелері электрондық жүйеде тіркеліп, экранда нақты уақыт режимінде көрсетіліп отырды.

Жеребе тарту қорытындысы бойынша телевизиялық дебат барысында саяси партиялар өкілдерінің сөз сөйлеу реті белгіленді:

1. Respublica партиясы – Мейрамгүл Мәдәлі;

2. «Ақ жол» партиясы – Дулат Тастекей;

3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы  – Максұт Насибулов;

4. «Әділет» партиясы – Рауан Кенжеханұлы;

5. «Байтақ» партиясы – Аслан Байзаханов;

6. «Ауыл» партиясы – Шахмардан Байманов;

7. Қазақстанның Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов;

Естеріңізге сала кетейік, телевизиялық дебаттар 5 тамыз күні сағат 20:26-да Жетінші арнаның тікелей эфирінде өтеді. Дебаттардың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту. Жоба интерактивті форматта өтеді және төрт кезеңнен тұрады: партиялардың сайлауалды бағдарламаларын таныстыру, білім беру саласындағы бастамаларды талқылау, студия көрермендерінің сұрақтарына жауап беру және сайлаушыларға қорытынды үндеу жасау.

Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – көрермендердің белсенді қатысуы. Тікелей эфир барысында QR-код арқылы онлайн дауыс беру ұйымдастырылып, оның аралық нәтижесі екінші кезеңде және қорытындысы соңында жарияланады. Сонымен қатар көрермендер арнаның ресми Instagram парақшасында пікір қалдыра алады, олардың бір бөлігі тікелей эфир барысында экранда нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

Теледебаттың тікелей трансляциясын Жетінші арнаның эфирінен, сондай-ақ арнаның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай #сайлау #жеребе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді

Кеше 19:39

Қазақстан әйелдері көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыруда

Кеше 19:12

Алматыда өтетін FIDE әлем чемпионатында Оксфорд, Кембридж және Гарвард студенттері бақ сынайды

Кеше 18:57

Алматыда экология, инклюзия мен қоғамдық бастамалар бас қосады

Кеше 17:50

Алматыда онкологиялық орталығы бар көпбейінді аурухана салынады

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);