AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданы...

Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулаларды көркейту жұмыстары аяқталды

Алматы Бүгін 09:11 55
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулаларды көркейту жұмыстары аяқталды
Алматы әкімдігі

Биыл Түрксіб ауданында тұрғындар ұсынған 24 жоба іске асырылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында он көпқабатты үйге тиесілі төрт аула күрделі жөндеуден өтті. Жұмыстар № 44–45, № 46, № 18 және № 18А үйлердің ауласын қамтыды. Бұл туралы Түрксіб ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.

Аулалардағы асфальт жабыны жаңартылып, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және шағын сәулет нысандары орнатылды. Балалар және спорт алаңдарына резеңке жабын төселіп, сыртқы жарықтандыру жүйесі жаңартылды, су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған.

Аулаларды күрделі жөндеуден бөлек, 2026 жылы ауданда тағы 16 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында да жүзеге асырылып жатыр. Биыл Түрксіб ауданында тұрғындар ұсынған 24 жоба іске асырылуда. Олардың қатарында 11 сквер мен жүргіншілер аймағын, сегіз балалар және спорт алаңын көркейту, төрт автоматты суару жүйесін орнату және бір автотұрақ салу жобасы бар.

Бағдарлама аясында тұрғындар аулаларды көркейту, қоғамдық аумақтарды жаңарту және қала инфрақұрылымын дамыту бойынша жоба ұсына алады.

Бағдарлама туралы толық ақпарат https://budget.open-almaty.kz/ сайтында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Лондонда Alatau City бойынша $1,3 млрд сомасындағы 9 келісімге қол қойылды

Бүгін 10:00

Жолдау – 2026: Межені іс айқындайды

Бүгін 09:16

Дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанды

Кеше 21:57

Алматыда Үкімет, Құрылтай және Халық кеңесінен құралған жұмыс топтары халықпен кездесті

Кеше 21:42

«Агрегат НС» ЖШС-нің жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылды

Кеше 21:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);