AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Лондонда Alatau City бойынша $1,3 млрд сомасындағы...

Лондонда Alatau City бойынша $1,3 млрд сомасындағы 9 келісімге қол қойылды

Экономика Бүгін 10:00 53
Лондонда Alatau City бойынша $1,3 млрд сомасындағы 9 келісімге қол қойылды
Сурет: primeminister.kz

Лондонда Alatau City Investment Roundtable инвестициялық дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара Алатау қаласын дамытуға халықаралық капитал тартуға бағытталған еуропалық роуд-шоудың бастамасы болды. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

Инвестициялық дөңгелек үстелге JPMorgan Chase, AstraZeneca, BP және Brookfield Asset Management компанияларын қоса алғанда, 70-тен астам компания, инвестициялық қор, банк және сараптамалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушыларға Alatau City-ді дамыту тұжырымдамасы, қаланың инвестициялық мүмкіндіктері, перспективалы инфрақұрылымдық жобалар және оларды жүзеге асыруға шетелдік капиталды тарту тетіктері таныстырылды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Қанат Бозымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Alatau City жобасының стратегиялық маңызына тоқталды.

«Роуд-шоуды әлемдегі жетекші қаржы және құқық орталықтарының бірі – Лондонда бастауымыз кездейсоқ емес. Ұлыбритания – біздің стратегиялық серіктесіміз. Alatau City – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоба. Біз Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық өзара іс-қимылдың маңызды буынына айналуға тиіс бизнес, қаржы, технология және логистика салаларының жаңа орталығын құрып жатырмыз», – деді Қанат Бозымбаев.

Дөңгелек үстел аясында «Alatau City Authority» арнайы басқару ұйымының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров қаланы дамытудың негізгі бағыттарын, оның ішінде заманауи инженерлік және көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіптік, іскерлік және логистикалық аймақтарды құру жоспарларын таныстырды. Arup халықаралық инженерлік-консалтингтік компаниясы қатысушыларды кеңістікті жоспарлау және қалалық инфрақұрылымды дамыту тәсілдерімен таныстырды. Ал «Бәйтерек» холдингі инвестициялық жобаларды қаржыландыру құралдарын ұсынды.

Alatau City-дің басты артықшылықтарының бірі – 2026 жылғы 8 мамырдағы Конституциялық заңда көзделген арнаулы құқықтық режим. Ол Англия мен Уэльс құқығының қағидаттарын қолдану мүмкіндігін, инвестицияларды қорғаудың заманауи тетіктерін және болжамды іскерлік орта қалыптастыруды көздейді.

Norton Rose Fulbright, Reed Smith және Boies Schiller Flexner халықаралық заңгерлік компанияларының қатысуымен өткен сараптамалық сессияда инвестиция тартудың құқықтық тетіктері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, халықаралық төрелік, цифрлық активтерді реттеу және коммерциялық дауларды шешу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ағылшын құқығының қағидаттарын қолдануға негізделген Alatau City-дің мамандандырылған инвестициялық сотын құру перспективалары қарастырылды.

Іскерлік бағдарлама аясында Лондон қор биржасының, Brookfield Asset Management, Société Générale, J.P. Morgan және Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Тараптар институционалдық капитал тарту, жобалық қаржыландыру құралдарын пайдалану және халықаралық қаржы ұйымдарын қаланың энергетикалық, көлік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға қатыстыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша халықаралық серіктестермен жалпы инвестициялық әлеуеті $1,3 млрд құрайтын 9 келісімге қол қойылды. Келісімдер инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды қаржыландыру, білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарын қамтиды.

Атап айтқанда, University of Exeter, Brighton College және Repton Group қатысуымен білім беру ұйымдарын ашу жобаларын пысықтау көзделген. AstraZeneca және Crescent Meditours компанияларымен ынтымақтастық медициналық инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және ғылыми тәжірибе алмасу мәселелерін қамтиды.

Қазіргі уақытта Alatau City-дің инвестициялық портфелінде жалпы құны шамамен $6,9 млрд құрайтын 67 жоба бар. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 55 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген. Сонымен қатар қалада энергиямен, сумен және газбен жабдықтау, кәріз желілері мен автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған 28 инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл мақсатқа 35,3 млрд теңге бөлінген.

Инвестициялық роуд-шоу аясында Ұлыбританияның мемлекеттік органдары, қаржы институттары және стратегиялық серіктестер өкілдерімен келіссөздер жалғасады. Еуропалық роуд-шоудың келесі кезеңі Германияда өтеді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #инвестиция #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат

Бүгін 10:50

Алматы жылыту маусымында өрттің алдын алу жұмысын күшейтті

Бүгін 10:45

Партиялық тізімдерді тіркеу қорытындысы туралы Алматы қаласы бойынша АҚПАРАТ

Бүгін 10:39

Алматыда 32 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Бүгін 10:32

Жолдау – 2026: Межені іс айқындайды

Бүгін 09:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);