AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жеті блогердің есептері тексеріліп жатыр

Жеті блогердің есептері тексеріліп жатыр

Заң мен тəртіп 14.04.2026, 14:52 492
Жеті блогердің есептері тексеріліп жатыр

Ержан Біржановтың айтуынша, барлық салық төлеушілер өз міндеттемелерін орындауға тиіс, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылғы 14 сәуірде Үкіметтегі брифингте блогерлердің табысын көлеңкеден шығару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

"Бізде өте үлкен деректер базасы бар. Біз блогерлер санатын бақылауда ұстаймыз. Өздеріңіз білетіндей, бір жыл ішінде 854 блогерге 1 586 хабарлама жіберілді. Оларға табыстары 72 млрд теңгеге төмен көрсетілгені туралы хабарламалар жолданды, осы бағытта жұмыс жүргізілді. Соның ішінде 622 блогер бүгінге дейін қосымша салық декларацияларын тапсырды. Олар өз табыстарын 18,3 млрд теңгеге арттырды және қосымша шамамен 1 млрд теңге салық төледі", – деді ол.

Оның айтуынша, қосымша тағы 600 млн теңге төлеу міндеттелген.

"Қазіргі уақытта тағы жеті блогерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оларға есептелген қосымша салық сомасы 10 млн теңгеден асады. Тексеру жұмыстары жалғасуда. Егер тексеру нәтижесінде бұл сомалар ерікті түрде төленбесе және ол айтарлықтай ірі болса, материалдар құқық қорғау органдарына беріледі немесе процессуалдық шешім қабылданады. Біз олардың аттарын атай алмаймыз, бұл – салық құпиясы", – деп түйіндеді вице-министр.

Еске салсақ, 2025 жылғы 24 тамызда Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілерде құнды сыйлықтардың ұтысын өткізген блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың әрекеттерін лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді бастағаны белгілі болды.

5 қыркүйекте Астананың Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Ерболат Жанәбіловқа қатысты заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша іс қаралды. 15 қыркүйекте Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қаралды. Артынша, оларға қатысты материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне жіберілді. 16 қазанда Қаржы мониторингі агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

900 млрд теңгеге жуық инвестиция: Алматының қонақ үй нарығы қарқынды дамып келеді

Бүгін 12:17

Түркі әлемі ғалымдары Алматыда бас қосады

Бүгін 12:15

Сапа стандарттан басталады: Алматыда тұтынушыларды қорғаудағы стандарттау мен метрологияның рөлі талқыланды

Бүгін 12:06

Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қаражатын қайтаруға көмектесті

Бүгін 11:34

"Болашақ" бағдарламасына қатысты маңызды ақпарат жарияланды

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);