AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Алматы Бүгін 12:37 25
ЖЕЛТОҚСАН РУХЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы айрықша орын алатын кезең. Бұл оқиға ел жадында еркіндікке ұмтылған рухтың, ұлттық намыс пен азаматтық батылдықтың символы болып қалды.

Осы тарихи кезеңнің маңызын жас ұрпаққа жеткізу мақсатында Алматы қаласындағы Авиация колледжінде «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған жоба» аясында «Қайсар Жүрек» қоғамдық қоры өткізген кездесуге Желтоқсан ардагерлері мен колледж студенттері қатысты.

Кеш барысында студенттер өлеңдер оқып, ән орындап, сахналық көріністер арқылы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын көркем жеткізді. Ал сол бір тарихи кезеңнің куәгерлері – Желтоқсан ардагерлері Қадырбаева Бағдагүл, Көпесбаева Айбаршын және Ауелова Баян өз естеліктерімен бөлісті.

Ардагерлердің әңгімелері жастар үшін тарихты оқулықтан ғана емес, сол оқиғаны бастан өткерген адамдардың өз аузынан тануға мүмкіндік беретін тағылымды кездесу болды.

Кездесу соңында «Қайсар Жүрек» қоғамдық қорының директоры Желтоқсан ардагерлеріне Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Тәуелсіздік – тарихтан жеткен аманат. Ал оны қадірлеп, келер ұрпақтың санасына сіңіру – бүгінгі буынның жауапкершілігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желтоқсан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ұмытылмас Желтоқсан»: Алматыда жастар Желтоқсан ардагерлерімен кездесті

Бүгін 12:43

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында: «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы үшін жаңа негіз қалайды

Бүгін 12:30

Қазақстанда жыл басынан бері 2 мыңнан астам қару тәркіленді

Бүгін 12:04

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 11:53

Жаңа Азаматтық кодекс және бұрын жасалған шарттар: құқықтық тұрақтылықты қалай сақтау керек?

Бүгін 11:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);