Заңнамалық деңгейде арнайы құқықтық режим енгізілген алғашқы қала - Алатау болып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстанның жаңа конституциясында жекелеген өңірде «жедел дамуға бет алған қалалар» деп аталатын арнаулы құқықтық режимді белгілеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл механизм экономикалық өсуді жеделдетіп, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Мұндай режим мемлекеттік басқару мен сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшелігін қамтуы мүмкін. Заңнамалық деңгейде арнайы құқықтық режим енгізілген алғашқы қала - Алатау болып отыр.
Алатаудың ерекше мәртебесі кәсіпкерлікті, қаржы нарығын, цифрлық активтерді, қала құрылысы мен басқа да бірнеше саланы реттеуге қатысты арнаулы тәсілді қолданады. Оның негізгі мақсаты — инвестиция, инновация мен экономикалық өсім үшін қолайлы орта қалыптастыру.