конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Жастардың таңдауы – ел болашағына бастар жол

Жастардың таңдауы – ел болашағына бастар жол

Құрылтай Бүгін 15:01 44
Жастардың таңдауы – ел болашағына бастар жол

Алматы қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған кездесулер мен пікір алмасулар жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып жүрген жастар сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына қосатын нақты үлесі екенін атап өтуде.

«Менің таңдауым» коалициясына кіретін ұйымдардың бірі - «Белес» ұйымының жетекшісі Нұрайлым Оңласынның айтуынша, бүгінгі жастар елдің ертеңін күтетін емес, оны бүгін қалыптастыратын маңызды қоғамдық күшке айналған.

– «Белес» ұйымының жетекшісі ретінде мен жастардың қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлін күн сайын көріп жүрмін. Бүгінгі жастар – бұл тек болашақтың емес, бүгінгі күннің де белсенді күші. Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу – әрбір жас азаматтың өз қаласы мен ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін нақты қадам. Бүгін қабылданған шешімдер мен таңдалған депутаттар ертеңгі күннің бағыт-бағдарын анықтайды. Егер біз өз өміріміз бен ортамыздың жақсарғанын қаласақ, өз таңдауымызды жасап, дауыс беру құқығымызды міндетті түрде пайдалануымыз керек. Өзгеріс сырттан келмейді, ол әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыздан басталады», – деді Нұрайлым Рахатқызы.

Оның пікірінше, ақпараттық науқанның басты мақсаты – жастардың үнін қоғамға жеткізіп, азаматтық белсенділік мәдениетін қалыптастыру.

– Бізді бұл науқанға қатысуға итермелеген басты нәрсе – жастардың үнін биіктен естірту және қоғамдағы белсенділік мәдениетін қалыптастыру. Жас буын өзгерістердің куәсі ғана емес, сонымен қатар оның ұйтқысы бола алатынын дәлелдегіміз келді. Алматымыз – жалынды жастар мен мүмкіндіктердің қаласы. Сондықтан қала тұрғындарына жеткізгіміз келетін негізгі ойымыз мынау: «Әрбір дауыс – маңызды, әрбір азаматтың пікірі шешуші мәнге ие». Біз бірігіп, белсенділік танытсақ қана әлеуметтік бастамалардың дамуына, жастардың өз идеяларын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасалатын орта қалыптастыра аламыз. Сайлау – бұл ортақ жауапкершілік пен ортақ болашаққа жасалған қадам, – деп атап өтті ол.

Нұрайлым Оңласын сайлаудан кейін жастардың ұсыныстары мен бастамаларына көбірек көңіл бөлініп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

– Құрылтай депутаттарының сайлауынан кейін біз ең алдымен халық пен билік арасындағы диалогтың тағы да нығая түсетініне, жастар саясаты мен аймақтық бастамалардың жаңа сапалы деңгейге көтерілетініне сенеміз. Жаңадан сайланған депутаттар жастардың проблемаларын терең түсініп, оларды шешу жолында тың шешімдер ұсынады деп күтеміз. Еліміздің болашағын әділ, білімді, бәсекеге қабілетті және әрбір азаматтың әл-ауқаты жоғары өркениетті мемлекет ретінде елестетемін. Ол мемлекеттің басты байлығы – өз елінің тағдырына жауапкершілікпен қарайтын саналы ұрпақ. Алматы жастары осы ортақ мақсат жолында әрқашан алдыңғы қатарда болуға дайын! – деді ұйым жетекшісі.

Ақпараттық науқан ұйымдастырушыларының айтуынша, жастардың белсенді азаматтық ұстанымы қоғамдағы оң өзгерістердің маңызды қозғаушы күшіне айналады. Сондықтан алматылық жастар қала тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Модельші-суретші қолтаңбасы: дәуірдің диорамадағы демі

Бүгін 15:46

Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу турнирі өтеді

Бүгін 15:10

Алматы AirAsia халықаралық жарнамалық науқанының басты кейіпкеріне айналады

Бүгін 15:06

Жастар таңдауы – жарқын болашақтың кепілі

Бүгін 15:03

Алматының жаңа спорт нышаны: қалада УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);