конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Жастар таңдауы – жарқын болашақтың кепілі

Жастар таңдауы – жарқын болашақтың кепілі

Құрылтай Бүгін 15:03 41
Жастар таңдауы – жарқын болашақтың кепілі

Алматы қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Белсенді жастар сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына қосатын нақты үлесі екенін айтып, тұрғындарды өз таңдауларын жасауға шақыруда.

Ақпараттық науқанға қатысып жүрген жастардың бірі – курьер Бижігіт Қуаныш. Оның айтуынша, жастардың сайлауға қатысуы қоғамдағы маңызды шешімдерге өз үлесін қосудың тиімді жолы.

– Менің ойымша, әр адамның дауысы маңызды. Болашағымызға қатысты шешімдер қабылданатын болса, оған бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Сондықтан жастардың да сайлауға қатысқаны дұрыс, – дейді Бижігіт Қуаныш.

Ол бүгінгі жастардың азаматтық жауапкершілігі елдің ертеңгі дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан әрбір жас сайлаудың маңызын түсініп, белсенділік танытуы қажет деп есептейді.

Бижігіт Қуаныштың айтуынша, ақпараттық науқанның басты мақсаты – тұрғындарға сайлау туралы дұрыс әрі түсінікті ақпарат жеткізу.

– Біз адамдарға сайлау туралы дұрыс ақпарат жеткізгіміз келеді. Ең бастысы – әркім өз таңдауын саналы түрде жасап, дауыс берудің маңызын түсінсе дейміз. Алматы тұрғындарын белсенді болуға шақырамыз, – деді ол.

Жас белсендінің пікірінше, азаматтардың саналы таңдауы қоғамдағы оң өзгерістердің негізін қалайды. Әрбір дауыс елдің болашағына ықпал ететін маңызды шешімдердің қабылдануына өз әсерін тигізеді.

Алдағы уақытқа деген үмітімен бөліскен Бижігіт Қуаныш жастардың ұсыныстары көбірек ескерілетін, халықтың өзекті мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін қоғам қалыптасатынына сенім білдірді.

– Жастардың пікірі көбірек ескеріліп, халықтың мәселелері шешімін табады деп сенемін. Болашақта еліміз дамып, жастарға мүмкіндік көп болатын, өмір сүруге жайлы мемлекет болғанын қалаймын, – деді ол.

Құрылтай депутаттарының сайлауы – әрбір азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің болашағына қатысты таңдау жасайтын маңызды саяси науқан. Алматы жастары тұрғындарды бейжай қалмай, сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Модельші-суретші қолтаңбасы: дәуірдің диорамадағы демі

Бүгін 15:46

Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу турнирі өтеді

Бүгін 15:10

Алматы AirAsia халықаралық жарнамалық науқанының басты кейіпкеріне айналады

Бүгін 15:06

Жастардың таңдауы – ел болашағына бастар жол

Бүгін 15:01

Алматының жаңа спорт нышаны: қалада УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);