Алматыда Жандосов көшесінің 3,1 км учаскесін ауқымды жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жоба аясында қалалық орта толығымен өзгертіліп, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қолайлы әрі жайлы кеңістік қалыптастырылуда.
Қазірдің өзінде:
Инфрақұрылым
Жаңа тротуар плиталары төселіп, 2 000 м²-ден астам веложол салынды және заманауи көше жиһаздары орнатылды.
Жарықтандыру және «Таза аспан»
Жер астына 16 км-ге жуық инженерлік желі өткізілді. Сонымен қатар 224 жаңа жаяу жүргіншілерге арналған жарықтандыру тірегі орнатылды.
Көгалдандыру
118 ағаш, 124 мыңнан астам бұта және 11,7 мың көпжылдық гүл отырғызылды.
Автоматты суару
Жасыл желектерді тұрақты суару үшін автоматты суару жүйесі жүргізілді.
Қазір көгалдандыру, инфрақұрылым элементтерін монтаждау және жекелеген учаскелерді абаттандыру бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталды. Жаңарған Жандосов көшесі жақын арада толық пайдалануға беріледі.
Өзгерістер сіздерге қалай ұнайды?