AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Алматы 03.04.2026, 20:41 227 Дина
Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Алматыда Қазақстандағы ең ірі жастар әзіл жобаларының бірі Жайдарман Super Liga республикалық ойындарының 1/8 финалының ашылу салтанаты өтті. Биылғы байқау рекордтық қызығушылық тудырды: іріктеу кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам команда қатысты. Ал финалдық кезеңге Қазақстанның әртүрлі қалалары мен облыстарынан 20-дан астам үздік команда жолдама алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Жайдарман жай ғана әзіл мен ойын емес. Бұл жастардың шығармашылық әлеуетін дамытатын, еркін ойлауын қалыптастыратын әрі сатира мен әзіл арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік беретін үлкен мәдени-рухани алаң. Осындай жобалар арқылы біз жас ұрпақтың сахналық мәдениетін дамытып қана қоймай, олардың көшбасшылық қасиеттерін, тапқырлығын, бірлігі мен командалық рухын нығайтамыз. Мұндай ауқымды іс-шараларды өткізу — мемлекеттік жастар саясатының жүйелі жүзеге асуының айқын көрінісі. Жайдарман қозғалысы – жастарды біріктіріп, оларды белсенді өмірлік ұстанымға бағыттайтын маңызды қоғамдық алаң», — деді іс-шара барысында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Алматыдағы Concordia студенттік театрының сахнасында Астана, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Қостанай, Семей, Жаңаөзен, Шығыс Қазақстан облысы және өзге өңірлердің командалары өнер көрсетті. Кеш жүргізушілері — жоғары лига чемпиондары, bayGUYS жобасының резиденттері Жалғас Елеусінов пен Мағжан Нұрғали.

Әзіл сапасы мен сахналық қойылымдардың деңгейін жоба редакторлары Оңдасын Құлымбетов пен Бақытжан Қахар қадағалады. Ал командалардың өнерін Жайдарман қозғалысы, медиа және өнер саласының танымал өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Ойын мазмұнды әрі тартысты өтті. Қатысушылар өзекті әзілдерге құрылған креативті сценарий ұсынып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен келесі кезеңге өткен командалар анықталды.

Аталған ойындарды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КТК одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);