Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жадыңды жаңарту үшін...

Жадыңды жаңарту үшін...

Керек кеңес Бүгін 12:06 41
Жадыңды жаңарту үшін...
интернет

Адамның жадын да кез келген басқа қабілет сияқты жаттықтырып, дамытып тұру керектігін мамандар жиі ескертеді, олай болмаған жағдайда егде тартқанда түрлі кеселдің етектен тартатынын да дәрігерлер айтып жүр.

1971 жылы нейрохирург Георгий Бехтерев ми жарақаттарынан кейін есте сақтауды дәрі-дәрмексіз қалпына келтіру протоколын жариялаған, З апталық бағдарлама пациенттердің 74%-ында тұрақты нәтиже керсеткен. Кейін бұл әдіс жас ұлғая келе есте сақтауы нашарлаған сау адамдарда да тексеріліп, таңқаларлық нәтиже берді.

Протоколдың негізі – мидың үш аймағын бір мезгілде іске қосу. Адам өз естелігін дауыстап сипаттайды және дәл сол сәтте оның схемасын қағазға қолымен салады.

Бұл кезде:

Көру қабығы (зрительная кора);

Моторлық аймақ;

Гиппокамп (есте сақтау аймағы) қатар жұмыс істейді.

Осы үш аймақтың бір мезгілде белсенді болуы мида өте берік нейрондық із қалыптастырады.

Бұл протоколдың нәтижесі қандай болған? Бехтерев бұл сессияларды күніне екі рет 20 минуттан өткізген. 21 күн ішінде пациенттер жоғалған естеліктерінің 60%-на дейін қалпына келтірді.

Ал бұл әдісті қолданбаған топтағылардың жақсару көрсеткіші небәрі 12% болды.

40 жастан кейін гиппокамп жылына шамамен 1%-ға кішірейеді – бұл мидың табиғи қартаюы. Әсіресе әйелдердегі гормоналды өзгерістер кезінде бұл процесс жылдамырақ журеді екен. Бехтерев протоколы тұрақты көпарналы стимуляция арқылы жаңа нейрондық байланыстардың өсуін қамтамасыз етеді.

Кейде сүйікті актеріңнің атын еске түсіру немесе кешке есікті ашқан кілтті таңертең табу оңайға түспей жатады. Қажетті ақпаратты жадыдан қайта жаңғырту үшін біраз күш салуға тура келеді. Ұмыту – табиғи процесс, ол жүйке жүйесін қажетсіз ақпараттан арылтып, оны шамадан тыс жүктемеден қорғайды. Ал шамадан тыс ұмытшақтық өмірді едәуір қиындатуы мүмкін. Ол ұйқының қанбауынан, күйзелістен, зиянды әдеттерден немесе ақпараттың шамадан тыс көптігінен туындайды. Ал енді жадыңызды жаңартып, есте сақтау қабілетін шыңдау үшін не істеу керек? Мамандардың сөзіне сүйенсек, олар ұсынған кеңестер мынадай:

Ойыңызда ассоциация мен көрнекі бейне жасап алыңыз

Жаңа ақпаратты бұрыннан бар біліммен байланыстыру арқылы есте сақтау жеңілдейді. Ассоциация әдісінің мәні – белгілі мен белгісізді бір оқиғаға біріктіру, жаңа мәліметті таныс белгілермен бекіту. Осылайша алынған ақпаратты қажет кезде оңай еске түсіруге болады. Бұл әдіс арқылы жол белгілерін, құпиясөздерді, күндерді, телефон нөмірлерін және банк карталарының деректерін жаттауға болады. Мұндай бейнелер ірі, көлемді, түрлі-түсті әрі барынша нақты болуы тиіс. Көрнекі бейнелерге кодтау дағдысы жаттығу арқылы тез қалыптасады. Кейін мұндай бейнелерді де, олардың мәнін де оңай еске түсіре аласыз. Кілтті белгілі бір жерге қойған кезде, сол жерде гүл өсіп тұрғанын елестетіңіз – сонда таңертең оны қайда қойғаныңызды ұмытпайсыз.

Өлең жаттап, дауыстап оқыңыз

Уақыт сынынан өткен тағы бір әдіс – өлең жаттау. Бұл жерде мағынасын түсініп, саналы түрде қабылдау маңызды. Апта сайын бір өлең жаттауды әдетке айналдырыңыз. Біртіндеп көлемін арттыруға болады. Оны бірнеше бөлікке бөліп жаттау жеңілірек. Мұны кез келген жерде жасауға болады: түскі ас кезінде, серуенде немесе көлікте. Қайталаудан қорықпаңыз – уақыт өте келе жаттау жеңілдейді. Әсіресе сізге қызық емес авторлардың шығармаларын жаттау тиімді, себебі бұл көбірек күш жұмсауды талап етеді. Өлеңді жаттағанда оның мазмұнына терең үңіліп, көркемдік тәсілдерін талдаңыз. Өлеңді айна алдында айтуға немесе жатқа жазуға болады. Дауыстап оқу да пайдалы, ол дикцияны, интонацияны жақсартып, есту жадысын дамытады. Егер өлең ұнамаса, ән мәтіндерін жаттаңыз.

Ұмытқанды еске түсіруге тырысыңыз

Дүкенге барғанда жазған тізімді қарамай, не алу керегін еске түсіріңіз, бұл жадыны жаттықтыруға көмектеседі. Бірдеңені ұмытып қалсаңыз, келесі жолы оны жақсырақ есте сақтауға тырысасыз. Егер біреудің аты, телефон нөмірі немесе құпиясөз есіңізден шығып кетсе де, бірден смартфонға қарамай, өзіңіз еске түсіруге тырысыңыз. Бұған бірнеше минут бөлсеңіз, бұл тәсіл жадыны нығайтады.

Шет тілін үйреніңіз

Өлеңдер мен әндерді тек ана тілінде ғана емес, шет тілінде де жаттауға болады. Егер шет тілін білмесеңіз, оны үйренуді бастаңыз. Бұл – миды белсенді етудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Күн сайын бірнеше сөз жаттау арқылы бірнеше айдан кейін жақсы нәтижеге жетуге болады. Шет тілін үйрену ақпаратты құрылымдау, талдау және есте сақтау қабілетін дамытады. Сонымен қатар бұл Альцгеймер сияқты жасқа байланысты аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Өткізген күніңізді еске түсіріңіз

Жадыны дамыту үшін өткен күнді еске түсіру пайдалы. Ұйықтар алдында күні бойы болған оқиғаларды, айтылған әңгімелерді, адамдардың бейнесін, қимылдарын, телефон қоңырауларын және жеген тағамдарыңызды еске түсіруге тырысыңыз. Егер бұл тәсіл қызықсыз болса, күнделік жүргізіңіз. Сондай-ақ көрген фильмдер мен оқыған кітаптардың мазмұнын қайталап айтып беру де пайдалы. Бұл жадыны дамытып қана қоймай, сөйлеу қабілеті мен сөздік қорды да көбейтеді.

Зияткерлік ойындар ойнаңыз

Пазл құрастыру, шахмат, нарды ойнау және түрлі жұмбақ шешу мидың жұмысын белсендіреді, жады мен зейінді дамытады.

Көзді жұмып, бөлмедегі заттардың орналасуын айтып көріңіз. Немесе үстелге шашылған сіріңкелердің орналасуын есте сақтап, кейін оны қайта қалпына келтіріңіз. Бұл көру жадын дамытуға көмектеседі. Кейбір жаттығуларды көзді жұмып немесе құлақты жауып орындау да пайдалы. Сонымен қатар, интернетте жады мен зейінді дамытуға арналған көптеген қосымшалар бар.

Жол жүру бағытын өзгертіңіз

Егер сіз әрдайым бір жолмен жүрсеңіз, оны өзгертіп басқа жолмен жүріп көріңіз, жаңа әсерлер де ми жұмысына пайдалы. Айналадағы адамдардың киімі, дүкендер, ғимараттар сияқты ұсақ-түйекке назар аударыңыз.

Бұған қоса тісті басқа қолмен тазалау сияқты жаңа әдеттер енгізіңіз. Орын ауыстыру, саяхаттау да пайдалы, жаңа орындар мен әсерлер жадыны дамытады.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз

Таза ауа, дене белсенділігі мен жеткілікті ұйқы – жадының дұрыс жұмыс істеуінің негізі. Бөлмені жиі желдетіп, серуендеңіз. Дұрыс тамақтану да маңызды, жаңғақтар, ірімшік, жұмыртқа, балық, көкөністер мен жемістер пайдалы. Ал алкоголь мен темекі, керісінше, ми жасушаларын зақымдайды.

Қорытынды:

Ұмытып қалу – табиғи процесс, бірақ шамадан тыс ұмытшақтық көбіне күйзеліс, ұйқының жетіспеуі және ақпараттың артықтығымен байланысты. Жадыны тұрақты түрде жаттықтыру қажет. Ассоциациялар әдісі, өлең жаттау, өз бетімен еске түсіруге тырысу, шет тілдерін үйрену, күнді талдау, зияткерлік ойындар ойнау, жаңа әсерлер алу және салауатты өмір салты – жадыны жақсартудың тиімді жолдары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есте сақтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика