AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

Заң мен тəртіп Бүгін 15:18 43 yakiya
«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздегі құқықтық саясаттың басты бағыттарының біріне айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқаты ең алдымен қауіпсіздік пен заң үстемдігіне байланысты. Заң талаптарының сақталуы, қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі және әр азаматтың құқықтарының қорғалуы – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздегі құқықтық саясаттың басты бағыттарының біріне айналды.

Президент өз Жолдауларында және түрлі деңгейдегі жиындарда әділетті қоғам құрудың негізгі шарты ретінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше тоқталып келеді. Өйткені заң үстемдік құрған жерде ғана қоғамдық тұрақтылық сақталып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады. Ал құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениеті қалыптасқан қоғамда қауіпсіз өмір сүруге барлық мүмкіндік жасалады.

Бүгінде елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар тек құқық қорғау органдарының қызметімен шектелмейді. Мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері бірлесе отырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып келеді.

Кейінгі жылдары Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударылуда. Өйткені отбасыдағы қауіпсіздік – қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі. Отбасында орын алған құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылық фактілері тек жекелеген азаматтардың тағдырына ғана емес, тұтас қоғамның әлеуметтік ахуалына әсер етеді.

Осыған байланысты заңнамаға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдар қабылданып, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Құқық қорғау органдарының алдын алу жұмыстары жетілдіріліп, дағдарыс орталықтарының қызметі кеңейтілуде. Сонымен қатар зардап шеккен азаматтарға психологиялық және құқықтық көмек көрсету тетіктері дамытылып келеді.

Құқық бұзушылықтың алдын алуда жастармен жұмыс жүргізудің маңызы зор. Себебі құқықтық мәдениет пен заңға құрмет ең алдымен жас ұрпақтың бойында қалыптасуы қажет. Осы мақсатта еліміздің барлық өңірлерінде құқықтық ағарту шаралары, кездесулер, акциялар мен флешмобтар ұйымдастырылуда.

Алматы қаласында өткен «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» атты флешмоб – осындай маңызды бастамалардың бірі. Алматы қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы мен Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы ұйымдастырған іс-шараға 90-ға жуық студент қатысты. Акция барысында жастар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы өз ұстанымдарын білдіріп, қоғамдағы өзара сыйластық, жауапкершілік және адам құқықтарын құрметтеу құндылықтарын насихаттады.

Флешмобтың басты мақсаты – қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақыру болды. Сонымен қатар акция аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жәбірленушілерге қолдау көрсету және отбасы институтын нығайту мәселелері көтерілді.

Алматы қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Тимур Ноғайбаев мұндай шаралардың қоғамдық санаға оң әсер ететінін атап өтті.

– «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізілетін мұндай акциялардың мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аудару, жәбірленушілерге қолдау көрсету және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, құқық бұзушылықтың алдын алуда профилактика ерекше рөл атқарады. Қылмыстың салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда тиімді. Сондықтан полиция қызметкерлері оқу орындарында, кәсіпорындарда және тұрғындар көп шоғырланатын орындарда түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, құқық бұзушылыққа қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді.

Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы жұмыстар заманауи технологиялардың көмегімен де күшейтілуде. Бейнебақылау жүйелерінің саны артып, цифрлық бақылау құралдары енгізілуде. Бұл қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар полиция қызметінің сервистік моделін дамыту бағытында да нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидаты құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ұстанымына айналуы тиіс. Себебі қауіпсіз қоғамды қалыптастыру әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу, өзгенің құқығы мен бостандығына сыйластықпен қарау – өркениетті қоғамның басты белгілері.

Құқықтық мемлекет құру жолында жүргізіліп жатқан реформалар мен профилактикалық іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал жастардың белсенділігі, қоғамдық ұйымдардың қолдауы және мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысы бұл бағыттағы бастамалардың тиімділігін арттыра түседі.

Заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіп орныққан елде ғана тұрақты даму мен әлеуметтік әділеттілік қамтамасыз етіледі. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты – бүгінгі күннің талабы ғана емес, келешек ұрпақтың қауіпсіз әрі жарқын болашағына бастайтын маңызды құндылық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыс күшейді

Бүгін 15:15

Шыңға ұмтылсаң, сақтықты серік ет

Бүгін 15:13

Қауіпсіз қоғам – жүйелі жұмыстың нәтижесі

Бүгін 15:08

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды

Бүгін 14:08

Қазақстанда қанша бала бар?

Бүгін 12:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);