ffin.kz

Ыңғайлы көлік. Алматыда балалар мектепке автобуспен барады

Ыңғайлы көлік. Алматыда балалар мектепке автобуспен барады

“Мектеп автобусы” жобасы аясында мегаполис оқушылары сабаққа жергілікті атқарушы органдардың есебінен ыңғайлы көлік құралдарымен қатынайды. Арнайы баспасөз турын Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырды. Журналистер мен блогерлер мектеп автобустарын ішінен көре алды.


Америкалық фильмдерден көріп жүрген мектеп оқушыларын таситын сары автобустарды енді Алматыдан да көруге болады.


Мегаполис мектептері күн сайын сегіз мыңнан астам оқушыны тасымалдайтын 100 жаңа автобус алды. Онымен негізінен бастауыш сынып оқушылары, сондай-ақ, шалғай аудандарда тұратын оқушылар қатынайды.


Әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, “Мектеп автобусы” жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылады.  2024 жылы қала мектептері үшін қосымша 50 автобус сатып алу жоспарлануда.


“Жобаны одан әрі кеңейтудің арқасында 12500 бала қамтылады. Біздің есебімізше, 1-ден 11-сыныпқа дейінгі осынша оқушының мектепке баратын жолы қиын және тасымалдау қажеттілігі бар”, - деп атап өтті ол.



Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, жобаға 1,4 млрд. теңге бөлінген.


“1 қыркүйектен бастап барлық автобустар балаларды тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бекітілген маршруттар бойынша тасымалдайды. "Мектеп автобусы" жобасын іске асыру оқушылардың ата - аналарына көмектесуге, мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін арттыруға және жол трафигіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді”, - деді Ләззат Жылқыбаева.



Қала бойынша жүретін мектеп автобустары оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, ата-аналардың жұмысын жеңілдетті.


Мысалы, №183 жалпы білім беретін мектепте 76 оқушыны тасымалдайтын екі автобус бар. Сағат 12.30-да автобустар оқушыларды  үйлеріне апару үшін күтіп тұрды.



“Автобустар ыңғайлы және қауіпсіз, іші де әдемі. Енді біз мектепке кешігіп қаламыз деп алаңдамаймыз. Біз үйде үш оқушымыз, барлығы мектеп автобусымен жүреді. Бұрын біз қоғамдық автобуспен баратынбыз, кешігіп қалатынбыз”, - дейді 9 сынып оқушысы Лаура Серікболат.



“Мен 9-сынып оқушысымын. Мен мектепке жаяу баратынмын, бұл автобустың соңғы аялдамасы. Бұл автобустардың пайда болғанына өте қуаныштымын. Мен мектепке  10 минут, ең көбі 15 минутта жетемін. Жаяу мен жарты сағат бойы төмен қарай жүретінмін. Бұл маған мектепке жету үшін уақытты үнемдеуге көмек болды”, - деп бөлісті оқушы Илькибаев Ахрор.


Бастауыш сынып оқушылары да жаңа автобус туралы алған әсерлері туралы айтып берді. Олардың айтуынша, қазір олар мектепке оңай жетеді, жол ақысын төлеудің қажеті жоқ және жақын аялдамаға дейін бірнеше шақырым жүрудің қажеті жоқ.


“Мен оянып, тұрып дүкенге барамын, сол  жерде мені автобус күтіп тұрады, содан кейін мектепке барамын. Автобуста келе жатып, жолда уақытымыз да көңілді өтеді”, - дейді кішкентай Мүсілім.


Ата-аналар да жаңа автобустардың берілгеніне дән  риза. Олар қазір балалардың қауіпсіздігіне көп алаңдамайды, өйткені автобустар жас жолаушыларды үйдің жанындағы аялдамалардан әкетіп -әкеледі.


“Менің екі балам осы жерде №200 мектеп-гимназияда оқиды. Автобустар жоқ кезде  балаларды өзім апаратынмын, сол үшін жұмыстан сұранатынмын.  Немесе әйелім қолындағы кішкентай баламен   қоғамдық көлікпен апаратын, бұлай жүру  ыңғайсыз болатын. Енді автобус тікелей үйдіңтүбінен алып кетеді, балалар тіпті жолды кесіп өтпейді. Басында мен уайымдап,  бәрібір автобустың соңынан жүріп отырдым,  бірақ балалардың сабаққакешікпейтініне және қауіпсіз екеніне көзім жетті. Аялдамаға келген  кезде жүргізуші “200-ші мектеп" деп хабарлап, барлық балаларды алып кетеді. Тек балаларға ғана емес, ата - аналарға да ыңғайлы, сондықтан қазір алаңдамай жұмыс істеп жүрмін”, - деп бөлісті ата-аналардың бірі Жәнібек Қожабергенов.



№200 мектеп-гимназиясының директоры Айнұр Нұрымқызы автобустар екі ауысымда 241 оқушыны тасымалдайтын арнайы кесте жасалғанын атап өтті.


“Қазіргі уақытта №200 мектеп-гимназияда 2350 бала оқиды. Бізге екі автобус берілді, біреуі 20 орындық, екіншісі 36 орындық. Біз кестені және сәйкесінше автобустарға арналған маршрутты жасадық. Бірінші ауысымда біз 110 оқушыны, екінші ауысымда - 131 оқушыны тасымалдаймыз. Балалардың қуанышында шек жоқ, ата-аналар да риза”, - деді ол.



Кестеге сәйкес, таңғы сағат 07.10-да автобус жүргізушісі Тұрсын Спабеков балаларды Абай саяжайынан алып кетеді. Содан кейін сағат 07:40-та ол екінші ауысымды жеткізеді. Ал сағат 12.00-ден кейін балаларды үйлеріне қайтарады.


Жалпы, автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, апаттық шығу жолы, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус және т.б. бар.



Алматылық оқушылар қазір білімнің алуға барар жолдары жақында ғана теледидардан көріп  жүрген “сары” автобустардан басталатынын айтады....

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30