Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өтті

«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өтті

Білім және ғылым 19.03.2025, 11:02 731
«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өтті
Білім басқармасы

2025 жылдың 14 наурызында «Almaty Polytechnic College» базасында Алматы қаласының 1-2 курс колледж студенттері арасында қалалық «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шара Алматы қаласы Білім басқармасының «Жұмысшы мамандықтар жылы-2025» медиа жоспары аясында ұйымдастырылды. Білім сайысының негізгі мақсаты – білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, көшбасшылық қасиеттерін анықтау, өз елін, тілін, Отанын құрметтейтін патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Ойынға Алматы қаласындағы 17 колледжден студенттер қатысты. Қатысушылардың білім деңгейін бағалау үшін қазылар алқасы арнайы шақырылды. Қазылар құрамында Оқу-ағарту министрлігінің республикалық ғылыми педагогикалық қызметкері, тарихшы Акаева Галия Атибаевна, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы, география ғылымдарының магистрі Сабиханова Асель Каирбековна, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің саяси ғылымдарының кандидаты, қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Исаев Аблазиз Укибаевич, №202 мектеп-гимназияның орыс тілі маманы Бекжанова Жанат Исмаиловна және «Almaty Polytechnic College» ағылшын тілі маманы Тоқтарбай Мадина Айдарханқызы болды.

Интеллектуалды ойын 6 кезеңнен тұрды: «Бәйге» кезеңінде қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен жылдамдықтарын сынады, «Полиглот» кезеңінде көп тілді меңгеру деңгейін көрсетті, «Көкпар» кезеңінде логикалық және танымдық сұрақтарға жауап берді, «Егер мен... болсам» кезеңінде көшбасшылық қабілеттерін танытты, «Шешендік өнер» кезеңінде ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін көрсетті, ал «Жорға» кезеңінде жылдам ойлау және білім деңгейлерін дәлелдеуге мүмкіндік алды. Қатысушылар тарих, география, философия, құқықтану, саясаттану және мәдениеттану пәндеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларының ұшқырлығын, шығармашылық қабілеттерін, шешендік өнерін және табандылық қасиеттерін көрсете білді. Сайыс нәтижелері әділ бағаланып, жүлдегерлер анықталды.

Жеңімпаздар қатары келесідей анықталды: бас жүлде – «XXI ғасыр көшбасшысы» атағын Жоғарғы медицина колледжінің 2-курс студенті Маратқызы Назгүл иеленді, жетекшісі – Турлыбаева Гүлнұр. Бірінші орынды «Almaty Polytechnic College» 2-курс студенті Ізбасар Айым иеленсе, оның жетекшісі – Байсейтова Әлия. Екінші орын №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінің 2-курс студенті Ибраева Арунаға бұйырды, жетекшісі – Батырханова Ғазиза. Ал үшінші орынға Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 1-курс студенті Бейсенқызы Жұлдыз лайық деп танылды, жетекшісі – Төлеген Әнипа.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл интеллектуалды ойын жастардың білімін шыңдап, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Almaty Polytechnic College #Алматы #білім #XXI ғасыр көшбасшысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Бүгін 14:27

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Бүгін 14:16

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика