Алматыда WorldSkills Almaty-2025 X аймақтық чемпионатының жеңімпаздары марапатталды
Алматыда WorldSkills Almaty-2025 чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
30 негізгі құзыреттілік бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатқа ие болды. Жүлде қоры шамамен 10 миллион теңге: әр номинация бойынша бірінші орынға — 150 000 теңге, екінші орынға — 100 000 теңге, үшінші орынға — 50 000 теңге табысталды.
Енді үздіктердің үздіктері Алматы атынан WorldSkills Kazakhstan-2025 Республикалық чемпионатында (Астана қаласында) бақ сынайды. Ал республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткендер 2026 жылы Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтетін WorldSkills кәсіби шеберлік бойынша халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев сайысқа қатысушылармен кездесіп, олардың жұмыстарымен танысты. Ол студент жастарды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша арнайы қосымша гранттар бөлінуі мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, қатысушылардың жұмысын 500-ден астам сарапшы мен жұмыс беруші бағалады. Биыл чемпионат ерекше маңызға ие болды, себебі ол Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
WorldSkills Almaty-2025 аймақтық чемпионаты кәсіби жетілуге ұмтылған талантты жастарды біріктірген жарқын оқиға болды.
Іс-шара студенттердің дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті және білім беру жүйесінде тәжірибелік дағдылардың маңыздылығын дәлелдеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер еңбек нарығында орнын нығайтып, болашақ кәсіби мамандарға үлгі болып келеді.
WorldSkills Almaty-2025. Құзыреттер бойынша жеңімпаздар тізімі:
1. Кондитерлік іс
Алтын: Мағжан Сейтмағзам (Алматы технологиялық колледжі)
Күміс: Элиф Османова (Алматы сән және қызмет көрсету колледжі)
2. Мейрамхана сервисі
Алтын: Зере Кентай (Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі)
Күміс: Әділбек Жақсылық (Алматы технологиялық колледжі)
Қола: Асылбек Мұстафаев (Алматы сән және қызмет көрсету колледжі)
3. Аспаздық іс
Алтын: Глеб Лушников (Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі)
Күміс: Хава Бекова (Алматы технологиялық-экономикалық колледжі)
Қола: Асылжан Әжікенов (Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжі)
4. Нан пісіру ісі
Алтын: Кристина Лаубер (Алматы мемлекеттік бизнес колледжі)
Күміс: Валерия Яковлева (Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі)
Қола: Аяжан Сәдуақас (Алматы сән және қызмет көрсету колледжі)
5. Визуалды мерчендайзинг
Алтын: Никита Дзюба (ҚазБСҚА колледжі)
Күміс: Кристина Третьяк (Алматы қаржы-экономикалық колледжі)
Қола: Арлан Қарағайшыев (Халықаралық Бизнес Академиясы колледжі)
6. Бастауыш сыныпта оқыту
Алтын: Аяулым Тажиман (№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі)
Күміс: Милана Гущина (№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі)
Қола: Айдана Төменғали («Бөбек» колледжі)
Қола: Ақерке Бақтыбаева (ҚазҰҚПУ жанындағы Кәсіби білім беру колледжі)
7. Мехатроника
Алтын: Ерасыл Басымбек, Сұлтан Сұйымқұлов (Almaty Polytechnic College)
Қола: Дарын Жеткербай, Мағжан Сыдық (Алматы электромеханикалық колледжі)
8. Прототиптеу
Алтын: Эфе Мут (Almaty Polytechnic College)
Күміс: Актан Артышов (Каспий университетінің колледжі)
Қола: Ақжол Бақытжан (Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі)
9. Ақпараттық және кабельдік желілер
Алтын: Андрей Борисов (Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі)
Алтын: Бота Эрденэбаэр (Almaty Polytechnic College)
Күміс: Ералы Амантай (Алматы көпсалалы колледжі)
10. Мобильді қосымшалар әзірлеу
Алтын: Ернар Алмасұлы (Almaty Polytechnic College)
Күміс: Әсет Тұрғантай (Алматы сервис және технология колледжі)
Күміс: Сейфулла Ержанұлы (Инновациялық техникалық колледж)
11. Мобильді робототехника
Алтын: Даниил Дорошкевич, Дмитрий Енин (Almaty Polytechnic College)
12. Графикалық дизайн
Алтын: Ерке Әліпбек (ҚазБСҚА колледжі)
Күміс: Дмитрий Веселкин (Каспий университетінің колледжі)
Күміс: Бақдәулет Тілеубергенов (Алматы көпсалалы колледжі)
Қола: Еркебұлан Рамазан (Алматы мемлекеттік бизнес колледжі)
13. Инженерлік графика (CAD)
Алтын: Арман Елеу (Almaty Polytechnic College)
Күміс: Алтынбек Әмірсана (Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі)
Қола: Ерсін Әліхан (Алматы электромеханикалық колледжі)
14. Веб-технологиялар
Алтын: Жалиль Калимов (Almaty Polytechnic College)
Күміс: Роман Шевелев (Инновациялық техникалық колледж)
Күміс: Игорь Неживых (Каспий қоғамдық университеті колледжі)
15. Электроника
Алтын: Денис Шаповалов (Almaty Polytechnic College)
Күміс: Бекасыл Жанбырбай (Алматы электромеханикалық колледжі)
Күміс: Артур Шабалтаев (Еуразиялық техникалық-экономикалық колледж)
16. Желілік және жүйелік әкімшілендіру
Алтын: Азамат Садықжан (Almaty Polytechnic College)
Күміс: Мадина Сақтаған (Digital College)
Қола: Мадиар Оразбай (Алматы мемлекеттік бизнес колледжі)
17. Бизнесті автоматтандыру бойынша ІТ-шешімдер
Алтын: Санжар Тұрсынбай (Инновациялық техникалық колледж)
Күміс: Наиль Илимов (Almaty Polytechnic College)
Қола: Вадим Андреев (Digital College)
18. Шаштараз өнері
Алтын: Даля Стачшук (Алматы сән және қызмет көрсету колледжі)
Күміс: Анфиса Полушкина (Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі)
Қола: Надежда Абдрахманова (Перспектива колледжі)
Қола: Аяла Амантай (Алматы сервис және технология колледжі)
19. Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету
Алтын: Батырхан Сүлейманов (Алматы көпсалалы колледжі)
Күміс: Ерасыл Талей (Алматы автомеханикалық колледжі)
Қола: Станислав Бухвалов (Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі)
20. Электромонтаж жұмыстары
Алтын: Асқарбек Нағашыбек (Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі)
Күміс: Расул Хамраев (Алматы техникалық-экономикалық көлік колледжі)
Күміс: Ақтілек Әбілхан (Алматы құрылыс-техникалық колледжі)
Сандық бағдарламамен басқарылатын (ЧПУ) фрезерлік жұмыстар
Алтын: Илья Бабоев (Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі)
Күміс: Артём Берш (Алматы автомеханикалық колледжі)
Қола: Даниил Грехов (Сәулет, дизайн және инженерия колледжі)
Қола: Александр Репин (Almaty Polytechnic College)
22. Өнеркәсіптік автоматика
Алтын: Әділет Мұқайұлы (Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі)
Қола: Ерасыл Ержанұлы (Алматы электромеханикалық колледжі)
23. Мода технологиясы
Алтын: Карина Дүйсебаева (Алматы автокөлік және сән индустриясы колледжі)
Күміс: Әсел Қалыбаева (Алматы сервис және технология колледжі)
Қола: Жанерке Рахат (Сән және қызмет көрсету колледжі)
24. Сандық бағдарламамен басқарылатын (ЧПУ) токарлық жұмыстар
Алтын: Дмитрий Прокопенко (Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі)
Күміс: Айбек Әнуар (Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі)
25. Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары
Алтын: Елдос Ильяс (Алматы құрылыс-техникалық колледжі)
26. Сырлау және сәндік жұмыстар
Алтын: Абдрахим Бауыржанұлы (Алматы құрылыс-техникалық колледжі)
Алтын: Ернұр Нұртай (Алматы көпсалалы колледжі)
27. Дәнекерлеу технологиялары
Алтын: Ильмурат Карим (Алматы құрылыс-техникалық колледжі)
Күміс: Серғазы Сабиров (Сәулет, дизайн және инженерия колледжі)
Қола: Эльдар Саламат (Алматы автомеханикалық колледжі)
28. Сантехника және жылыту жүйелері
Алтын: Дмитрий Климов (Алматы құрылыс-техникалық колледжі)
Күміс: Амирхан Мұхамеджан (Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі)
Қола: Есен Нұрмахан (Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі)
Қола: Никита Крылов (Алматы көпсалалы колледжі)
29. Кірпіш қалау
Алтын: Еламан Байғұжаев (Алматы құрылыс-техникалық колледжі)
Күміс: Аслан Қабдолданов (ҚазБСҚА колледжі)
Қола: Еркебұлан Мәкен (Алматы көпсалалы колледжі)
30. Плиткамен қаптау
Алтын: Хәкімбай Қалмұратов (Алматы құрылыс-техникалық колледжі)
Күміс: Абудкарим Жасарбек (Сәулет, дизайн және инженерия колледжі)
31. Мода технологиясы (Абилимпикс)
Алтын: Мерей Тілеуқабылқызы (Алматы технология және флористика колледжі)
Күміс: Зиза Нұрбек (Алматы технология және флористика колледжі)
Қола: Іңкәр Бауыржанқызы (Алматы технология және флористика колледжі)
Кәсіби шеберлік медальоны: Жанерке Қайратқызы (Алматы технология және флористика колледжі)