AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / WOMEN IN BUSINESS: іскер әйелдің кәсіпкерліктегі...

WOMEN IN BUSINESS: іскер әйелдің кәсіпкерліктегі мүмкіндігін талқылады

Барлығы 20.02.2025, 17:46 948 Айнабай МӘДИ
WOMEN IN BUSINESS:  іскер әйелдің кәсіпкерліктегі  мүмкіндігін талқылады
almaty-akshamy.kz

ІnterContinental алаңында Women In Business халықаралық форумы өтті.

Ауқымды шараға кәсіпкер, сарапшы, лидерлер қатарынан 350-ден аса қыз-келіншек жиналды. Әйелдер кәсіпкерлігінде кездесетін өзекті сын-қатер, сондай-ақ жаңа мүмкіндік пен қолдау шаралары талқыланды. Форумға қатысушылар әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру, бизнес негізіне оқыту мен кедергіні жою мәселесіне назар аударды. Іс-шара барысында спикерлер экономикалық өсу үшін гендерлік теңдіктің маңызына мән берді. 

«Әлемдік жалпы ішкі өнімдегі 7 трлн долларға дейінгі шығын әйел мен ер арасындағы еңбекақы алшақтығы салдарынан туындайды. Елімізде ерлерге қарағанда, әйелдер 26 пайызға аз табыс табады. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – өзекті шешімнің бірі», – деп мәлімдеді Halyk Bank басқарма төрайымы.

Расында, әлем күрделі сын-қатерге тап болды, соның салдары еліміздің экономикасына да әсер етуде. Экономканың сапалы әрі тұрақты өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің экономикалық саясаты, жүргізіліп жатқан реформаның нәтижесі.

«Бизнесті дамытуға меншік, мұрагерлік пен әйелдердің қаржылық қызметіне, қарыз-қаражатқа оңайлатылған қол жетімділік мәселесіне заңнамалық кепілдікті қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, экономиканың түрлі саласында табысты жұмыс істеуде дағды мен білім беруге, әйелдердің білімі мен кәсіби дайындығына инвестиция салу маңызды», – Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова.

Форум аясында салық салу мәселесіне қатысты шеберлік сабағы, жоба  аясында онлайн оқудан өткен Belesteri байқауының 17 жеңімпазы марапатталды. Жоба жеңімпаздары ауыл әйелдері мен жастар жеке кәсіп бастауға, оны дамытуға грант иеленді. Жоба шағын кәсіп бастаушыға да, бизнесті ауқымдауға да үш түрлі білім бағдарламасын ұсынды. 12 жыл ішінде 137 мыңнан аса қыз-келіншек оқуға қатысты. 10 мыңға жуық шағын бизнес пен 13 мыңнан аса жұмыс орны құрылды.

«Women in Business – жай ғана форум емес, бизнес пәлсапасы,  контент пен нетворктің сапалы деңгейінің трансформациясы. Биыл біз әйел кәсіпкерлер жаңа сын-қатерге қалай қарсы тұрып, макроэкономикалық өзгерістен ақпараттық қауіпсіздікке дейінгі жаһандық мәселені шешуге қалай ықпал ете алатынын талқыладық. Әйелдер бизнесіне жаңа мүмкіндік ашып жатқан цифрлық трансформация мен жаңа технологияларға баса назар аударылды», – деп қорытындылады форум ұйымдастырушысы Ақеркін Ералиева.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әйел #Кәсіпкерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Бүгін 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Бүгін 18:44

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);