Winter Run: 15 ақпан Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

  • 16:48, 12 ақпан 2026
Winter Run: 15 ақпан Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Биыл 15 ақпанда Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры Winter Run-2026 қалалық жүгіру жарысын өткізеді. Іс-шараға шамамен 2 500 адам қатысады.

Ұйымдастыру комитеті жарыс өтетін күні көлік қозғалысына уақытша ішінара шектеу енгізілетіні туралы қала тұрғындары мен қонақтарын алдын ала хабардар етеді. Биыл он екінші рет ұйымдастырылған Winter Run дәстүрлі спорттық іс-шараға айналған.

Жарыс «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанынан бастау алады. Қатысушылар әл-Фараби даңғылы бойымен Гагарин даңғылына дейін жүгіріп, кері бұрылып, бастапқы нүктеге қайта оралады. Бағдарламада үш қашықтық қарастырылған: 10 шақырым, 7 шақырым скандинавиялық серуен және 3 шақырым балалар жарысы.

Іс-шараға байланысты 15 ақпанда көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Ю. Померанцев көшесінің әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Сағат 08:00-ден 10:45-ке дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы Меңдіқұлов бульварынан (тоннельге кіреберіс) Серкебаев даңғылына дейін жабық болады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық. Шығыс бағытта балама қозғалыс Тимирязев көшесі арқылы ұйымдастырылады.

Шектеулер жарысқа қатысушылар қозғалысын тиімді үйлестіруді және спортшылар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Мұндай жүгіру жарыстары әлемнің ірі мегаполистерінде тұрақты түрде өтіп, бұқаралық спорт мәдениетін қалыптастырып, тұрғындарды белсенді өмір салтына тартады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қор өткізетін іс-шаралар, соның ішінде Almaty Marathon, спорт туризмін дамытуға және жергілікті бизнесті қолдауға ықпал етеді.

«Бірінші болу - батылдық» қорының зерттеуіне сәйкес, марафон өтетін күндері мыңға жуық қатысушы шамамен 8 млн теңгеге сауда жасайды, ал серіктес компаниялардың салық аударымдары төрт жыл ішінде 318,9 млн теңгеден 873,9 млн теңгеге дейін артқан. Өзге өңірлерден келген қатысушылардың шамамен 80%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлайтынын атап өткен.

Жарыс басталатын уақыты:

08:00 — 3 шақырым

08:45 — 10 шақырым

08:50 — 7 шақырым скандинавиялық серуен

Сонымен қатар, 27 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жыл сайынғы жүгіру жарысы – Almaty Marathon өтеді. Қатысушылар үшін 10 шақырым, 10 шақырым скандинавиялық серуен, 21,1 шақырым, 42,2 шақырым және «Экиден» командалық эстафетасы қашықтағы қолжетімді болады. Тіркеу almaty-marathon.kz сайтында ашық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:53

20:17

17:50

17:32

17:01

16:56

16:52

16:48

16:43

16:40

14:42

14:34

14:29

14:19

14:11

14:00

12:43

12:27

12:08

11:51

11:39

11:23

11:09

10:58

10:51