Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Волонтерлер 10 000 тоннадан астам гуманитарлық көм...

Волонтерлер 10 000 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

Әлеумет 03.05.2024, 09:01 1,000
Волонтерлер 10 000 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады
Сурет: Elorda.info

Мәдениет және ақпарат министрлігі су тасқынына қарсы іс-шаралар және оның зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб аясында зардап шеккендерге көмек көрсету жұмысын жалғастыруда.


Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері министрлік «Күшіміз бірлікте» акциясын бастады. Акцияға Ұлттық волонтерлер желісі, волонтерлік және жастар ұйымдары, діни, этномәдени және қайырымдылық ұйымдары өкілдері қолдау көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 


Барлық өңірде жедел волонтерлік штабтар құрылып, олардың жұмысына 50 мыңнан астам волонтер тартылды.


Зардап шеккендерге көмек көрсетуді және еріктілерді жер-жерге бөліп, үйлестіру үшін бірыңғай байланыс орталығы (+7 708 706 4242) жұмыс істейді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері облыстардан 1000-нан астам қоңырау түскен.


Алғашқы күндерден бастап, волонтерлер бірлесіп әзірленген өзара әрекет ету алгоритміне сәйкес, өңірлік төтенше жағдайлар департаменттеріне көмек көрсетіп жатыр.


Волонтерлер ТЖД-мен бірлесіп, су басқан аумақтардан азаматтарды эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізуде, азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды жеткізуге атсалысып, зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп жатыр.


Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісі сарапшылармен бірлесіп, мұқтаж азаматтарға психологиялық және заңгерлік көмек ұйымдастырды.


Гуманитарлық көмек жинау пункттері 16 өңірде жұмыс істейді: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Жетісу облыстары. Волонтерлер 10 520 тонна гуманитарлық көмек жинады. 8905 тонна зардап шеккен аймақтарға жеткізілді. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жақын арада жіберіледі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Волонтерлер #Гуманитарлық көмек #қолдау #су тасқыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика