AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Владимир Путин қаңтар оқиғасы кезіндегі ҚР Президе...

Владимир Путин қаңтар оқиғасы кезіндегі ҚР Президентінің берік ұстанымы жайында айтты

Саясат 10.02.2022, 16:28 1,934
Владимир Путин қаңтар оқиғасы кезіндегі ҚР Президентінің берік ұстанымы жайында айтты
24 kz

Қазақстан Президентінің берік ұстанымының арқасында қысқа мерзімде елдегі жағдайды бақылауға алуға, заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіруге мүмкін болды. Бұл туралы Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде РФ Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін көзбе-көз алғаш жүздесіп отырмыз. Аталған оқиға мемлекеттің егемендігіне, тұтастығына және тұрақтылығына бұдан бұрын болып көрмеген сын-қатерді төндірді. Шын мәнінде, Қазақстан лаңкестік озбырлыққа тап болды, бұл агрессия ішкі әрі сыртқы деструктивті күштердің тікелей қатысуымен жасалды», - деді В. Путин.



Осы орайда ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берік ұстанымының арқасында қысқа мерзімде жағдайды бақылауға алуға, заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіруге, қазақ жеріне бейбітшілікті қайтаруға мүмкін болғанын жеткізді.


Сонымен қатар В. Путин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) сын-қатерге тиімді әрекет етуге, мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғау үшін бітімгерлік күштерді жұмылдыруға қауқарлы екенін көрсеткенін атап өтті.



Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізді.


Сапар аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Путин #келесім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);