AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / “Vision Zero Almaty” форумында жол қауіпсіздігі мә...

“Vision Zero Almaty” форумында жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Заң мен тəртіп 27.11.2023, 10:37 1,157
“Vision Zero Almaty” форумында жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда Freedom Holding Corp. қолдауымен ІІМ әкімшілік полиция комитетінің, Q-88 Қазақстан урбанистер қауымдастығының және Sergek Group компаниясының ұйымдастыруымен “Vision Zero Almaty” форумы өтті.


Статистикаға сәйкес 2015-2022 жыдары аралығында елде орташа есеппен жылына 16 мың жол-көлік оқиғасы орын алады, онда екі мыңнан астам адам қайтыс болып, 18 мыңнан астам адам жарақат алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Адамның өмірін сақтап қалу үшін жағдай жасау қажет немесе қарапайым сөзбен айтқанда – қателікті кешіретін жолдар қажет. Жол инфрақұрылымын дамытумен қатар заңнаманы және бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бағыттарын өзгерту керек. Біз Парламент Мәжілісіне орташа жылдамдық түсінігі, оны есептеу тәртібі мен жылдамдық асырғандығы үшін жауапкершілікке тарту бойынша заңнама ұсыныстарын әзірлеп, енгіздік», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.



Сонымен қатар форумда электросамокаттар мен мопедтер жүрісі, заңсыз автотасымалдаушылар  мәселесі, еліміздегі автотұрақтар санының қарқынды өсуі талқыланды. Автокөліктердің техникалық жағдайына тиісінше бақылау жүргізілмейтіні де ескертілді. Осы аталған барлық факторлар көлік тәртібінің төмен болуымен қиындай түседі. Ағымдағы жылдың 10 айында 7 млн-нан астам жол жүрісі қағидасын бұзу фактісі анықталып, шамамен 19 мың “мас” жүргізуші ұсталған, сот шешімі бойынша 12,5 мың жүргізуші жүргізу құқығынан айырылған, 19 мың адам әкімшілік қамауға алынған.



«Балалардың қатысуымен 2023 жылдың 10 айында 3 059 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ең сорақысы – онда 246 бала қаза тауып, 3 368 бала жарақат алған. Балалар – біздің қоғамның болашағы. Сондықтан оларды болуы мүмкін қауіптер туралы хабардар ету және алдын алу біздің басымдығымыз болуы керек», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.



Біздің жұмысымыз осы бағытта енді басталмақ. Біз Қазақстанның барлық жерлерін қамту үшін және қалаларымызды қауіпсіз ету үшін келесі жылы басқа облыстарда өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталдық. “Vision Zero Almaty” форумы жол қауіпсіздігі саласында идеялармен, ұсыныстармен және үздік тәжірибелермен алмасуға керемет мүмкіндік береді, – деді Q-88 Қазақстан урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры Мадияр Даурбаев.


Ұйымдастырушылар жол апаттарындағы өлім саны мен жарақаттануышылар санын азайту үшін Қазақстанда Vision Zero шведтік бағдарламасын енгізу бойынша бастаманы ұсынды. Ол жылдамдық режимін төмендету, қоғамдық көлік жүргізушілерін оқыту бағыттарын өзгерту және трафикті реттеу жөніндегі әртүрлі шаралардан тұрады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол қауіпсіздігі #форум #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);