AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Винокуровтың ұлы Қазақстан чемпионы атанды

Винокуровтың ұлы Қазақстан чемпионы атанды

Спорт 26.06.2022, 11:28 1,234 Almaty-akshamy
Винокуровтың ұлы Қазақстан чемпионы атанды
Cурет: Дереккөз

Жарыс Бурабай демалыс аймағында өтті


Маусымның 22-сі мен 25-і аралығында Бурабай демалыс аймағында тас жолдағы велоспорттан ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Мұнда еліміздің ең мықты деген шабандоздары топтық және жекелей жарыстар бойынша Қазақстан чемпионы атағы үшін таласқа түсті.
Жарыстың соңғы күні Astana Qazaqstan Development Team жастар құрама командасының шабандозы, Александр Винокуровтың ұлы Николя Винокуров тас жолдағы велоспорттан 23 жасқа дейінгі шабандоздар арасында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Жарыс Бурабай демалыс аймағында өтті. Николя 157,5 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 44 минут 16 секундта жүріп өтті. Илхан Достиев (+00:39) міреге екінші, Өркен Сламжанов (+00:58) үшінші болып мәреге келді.



«Таңертеңгісін жеңіске жетем деген мақсатпен ояндым. Мені екінші немесе үшінші орындар қызықтырған жоқ. Тек жеңіске жетуге бел байладым. Жарыс басталғанда көшбасшылар тым алысқа ұзап кетпеу үшін оларды бақылауда ұстау керек болды. Біздің Солтүстік Қазақстан облысы екінші айналымда басымдықты жақсы сақтап қалды. Шабуыл басталғанда мен бірінші топқа қосылдым. Күні бойы өзімді жақсы сезіндім. Мәреге жеті шақырым қалғанда соңғы айналымда алдыңғы қатарда жалғыз екенімді білгенде, мәреге дейін соңғы 1,5 шақырым бойы жоғары қарқынмен жүрдім. Глеб өте жақсы шабуыл жасады. Бірақ, өкінішке орай, басқа шабандоздар оны қуып жетіп, мәреге үшінші болып келді. Александр Семенов те өте мықты болды. Команда болып жұмыс істегенімізге және жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», - деді Николя Винокуров Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.



Сонымен қатар Astana Qazaqstan Team шабандозы Евгений Гидич Қазақстан чемпионатының топтық жарысында жеңіске жетті. Гидич 157,5 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 43 минут 48 секундта бағындырды. Қалған жүлделі орындарды да астаналық шабандоздар иеленді. Артем Захаров мәреге екінші болып келді. Ол жеңімпаздан бір секундқа ғана қалып қойды. Ал Глеб Брусенский чемпионнан екі секундқа артта қалып, қола жүлдеге ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#чемпионат #спорт #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);