"Вьетнаммен иық тіресетін жағдайға жетеміз". Айбар Олжай Үкімет жұмысына баға берді

  • 14:32, 15 шілде 2025
"Вьетнаммен иық тіресетін жағдайға жетеміз". Айбар Олжай Үкімет жұмысына баға берді Сурет: Ernur.kz
 
Бүгін Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-маусымға әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өскенін айтты. Қаржы, биржа, макроэкономика сарапшысы, экономист Айбар Олжай Үкімет жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 
 
Сарапшының айтуынша, Қазақстан Үкіметі 2025 жылы феноменалды жұмыс нәтижесін көрсете білді. 
"Біз тұңғыш рет мұнай бағасы өспеген уақытта ішкі жалпы өнімнің 6,2 пайызға өсуін тіркеп отырмыз. Себебі дәл осылай өскен 2011 жылмен салыстырсақ, 13 жыл бұрын бізге қара алтын бағасының шарықтауы көмектескен еді. Үшінші тоқсанда тура осы қарқынды сақтай алсақ, онда 2025 жылы қазақ экономикасы 300 миллиард доллардан асатын болады. Ақырындап Вьетнаммен иық тіресетін жағдайға жетеміз. Онымен қоса, Ресей экономикасымен 10 есе алшақтығымыз едәуір қысқарып, енді біз Ресейден экономика көлемі бойынша баяғыдай 10 емес, 7 есе аз болып тұрмыз", - дейді ол.
Айбар Олжай биыл экономика сан бойынша емес, сапа бойынша өскенін айтты.
"Өсім көлік пен логистика (22,7%), құрылыс (18,4%), тау-кен өнеркәсібі және сауда (8,4%), өңдеу өнеркәсібі (5,5%) арқылы келді. Қазақ елі шын мәнінде индустриялануда. Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2024 жылы 12,2%-ға дейін ұлғайып кеткен. Бұрын диверсификация біз үшін қағазға жазылған күрделі сөз болса, енді жаңа форматтағы менеджер Олжас Бектенов іс жүзінде диверсификацияның қалай болатынын көрсетті. Бұл тек басы. Енді Бектеновтың сенімді серігі Серік Жұманғарин жақын арада қазақ еліне экономиканы тиімді өсіру бағдарламасын жарияламақ. Оның негізгі параметрлері дайын. Бағдарлама бойынша Қазақстан оптималды әрекет ететін болады. Яғни капитал өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен және инфрақұрылым сияқты ең перспективалы салаларға нысаналы дәлдікпен бағытталмақ", - дейді ол.
Мемлекеттің ғана емес, Олжас Бектеновтың де ішкі трансформациясы байқалды.
"Ол бірінші рет журналистер алдына еркін шығып, ауқымды баспасөз конференциясын берді. Ешбір сұрақтан қашпады. Бәріне жауап берді. Қиын сұрақтар арасында баға, тариф, жұмыспен қамту сияқты тақырыптар бар еді. Қоғаммен диалог тек жетістіктерді айтумен ғана шектелмейді. Ол шешуді қажет ететін нәзік мәселелерді ашық талқылаумен бағаланады. Мұндай өзара әрекет ету стилі сенімді нығайтып, жалған ақпарат тарату қаупін азайтады. Экономиканың өсуімен қатар, Абайұлы да саясаткер ретінде жақсы өсіп келеді. Онымен ешкімнің таласа алмайтыны хақ. Үкімет басшысы экономиканы дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын толық және сапалы орындап жатыр", - деп қорытындылады ол. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:52

17:42

16:45

16:06

15:24

15:19

15:03

14:48

14:32

13:53

12:26

12:24

12:23

12:05

11:38

11:00

10:38

10:20

10:17

09:46

09:44

09:41

09:20

09:17

17:42