Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Венада өткен алғашқы World Vision-2022 халықаралық...

Венада өткен алғашқы World Vision-2022 халықаралық байқауында қазақстандық скрипкашы жеңімпаз атанды

Мәдениет 28.07.2022, 06:58 1,698
Венада өткен алғашқы World Vision-2022 халықаралық байқауында қазақстандық скрипкашы жеңімпаз атанды
Сурет: Сrushpixel.com

Отандық скрипкашы Руслан Талас халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.




Өнер жарысында скрипка, альт, виоленчель, контрабас, фортепиано және арфа аспаптарын шебер меңгерген 16 мен 35 жас аралығындағы дарындар бағы пен бабын сынаған болатын.  Бір жылға ұласқан додадан үздік шыққан қазақстандық музыкант енді Берлин филармониясында, Нью-Йорктегі Карнеги залы және Мәскеудегі Зарядьеде өнер көрсетуге жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


Оның айтуынша, байқау алғаш рет ұйымдастырылғанына қарамастан, бәсекелестік үлкен болған. Ал бәсеке болмай, бәйге жоқ.



"Байқау туралы өз басым әлеуметтік желіліерден көріп білдім, себебі сонда көп жарнамаланды. Сондықтан да қатысушылар көп болды деп ойлаймын. Қателеспесем, өтініш білдіргендер саны әлемнің 109 елінен 4 мыңдай. Бірінші рет ұйымдастырылғанына қарамастан, ауқымды форматта өтті. Жалпы, байқаудың ұзақтығы 1 жылға созылды. Алғашқы айналым аймақтық, одан кейін ұлттық, үшіншісі әлемдік деңгейде, ал төртінші айналым - финал Вена қаласындағы «Концертхаус» залында өтті. Мен секілді музыкант үшін ол залда өнер көрсету – үлкен мәртебе", - дейді  скрипкашы, World Vision – 2022 байқауының жеңімпазы Руслан Талас.



Руслан Талас - өзінің жастығына қарамастан, әлемдік скрипканың үздік ұстаздарынан білім алып үлгерген музыкант. Бүгінде ол Швейцариядағы Лозанна музыка академиясында магистратурада оқып жатыр. Өнерпаздың айтуынша, скрипка аспабына деген махаббатын бала күнінде әкесі Мұсахан Тұрынтаев оятқан.



"Әкем мені бала күнімнен қолдап келеді. Ол - өзі скрипкашы. Сондықтан күнделікті мені өзі оқытатын. Ал негізгі оқуымды Қазақ Ұлттық музыка академиясынан бастадым. Ол білім ордасына ризашылығым зор. Онда мен 5 жыл оқып шықтым. Ары қарай 12 жасымнан Мәскеудегі Орталық музыка мектебінде оқуымды жалғастырдым. Ал жақында Мәскеу консерваториясын Граф Муржаның сыныбын аяқтадым. Граф Муржа ол өте танымал скрпкашы, Қазақстанға өнер көрсетуге жиі келіп тұрады", - дейді скрипкашы Руслан Талас.



Жас дарын отандық сахналарда жиі өнер көрсетсем, жай өнер көрсетіп қоймай, танымал әлемдік скрипкашылардың Қазақстанға келуіне себепкер болсам дейді.


 











Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отандық скрипкашы #байқау #жеңімпаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді

Бүгін 13:29

Дәуір тұлғасы: Қуаныш Әжмағамбетов және оның Жетісу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі

Бүгін 13:28

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»

Бүгін 13:10

«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Бүгін 12:51

Алматының Әуезов ауданында сауда көлемі бірінші тоқсанда 20%-ға өсті

Бүгін 12:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика