конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Велосипедшіге де айыппұл салынады

Велосипедшіге де айыппұл салынады

Заң мен тəртіп 10.04.2023, 15:21 1,165
Велосипедшіге де айыппұл салынады
almaty-akshamy.kz

Велосипедшіге қандай жағдайда айыппұл салынады – жол ережесінің негізгі талаптары






Қазақстандағы велосипедке қатысты жол ережесінің негізгі талаптарын назарларыңызға ұсынамыз.



Бір қатармен жүру керек




Қазақстанда велосипед пен мопед үшін ортақ ереже бар. Бір айырмашылығы, мопедке 16 жасқа толған адамдар ғана міне алады. Ал велосипедшіге ондай талап қойылмайды.



Ережеге сәйкес, велосипед үшін арнайы жол болмаса, жолдың оң жағымен жүруге болады. Жол жиегімен де жүруге рұқсат. Бірақ жаяу жүргiншiлерге кедергi келтiрмеу керек.



Велосипед мінген адамдар бiр қатармен жүруге тиіс. Ал велосипедшілер көп болған жағдайда он адамға бөлініп, топпен қозғалған жөн. Сосын бір-бірінен басып озуды жеңiлдету үшiн топтардың арақашықтығы 80-100 м болуы шарт.



Велосипедшінің міндеттері




Жол жүру ережесінің 24-бабына сәйкес, велосипед пен мопед жүргiзушiлерiне бірнеше талапты қатаң сақтауы қажет. Оны бұзған жағдайда айыппұл салынады. Негізгі шектеулер:




- рульден ұстамай жүруге;

- жолаушы тасымалдауға;

- ұзындығынан немесе енi жағынан 0,5 метрге артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға;

- велосипед жолағы болғанда жолмен жүруге;

- бiр жол жолағынан артық болғанда солға бұрылуға немесе керi бұрылуға;

- автомагистральмен жүруге тыйым салынады.





Сондай-ақ велосипед жолағы мен жол қиылысқан жерде бағдаршам болмаса, көлікке жол беру керек.




Айыппұлдың көлемі қандай






Қазақстанның заңнамасы бойынша велосипедшілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жауап береді. Жол ережесін бұзғаны үшін 2 АЕК (6 900 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал жәбiрленушiнiң денсаулығына зиян немесе материалдық залал келген жағдайда 10 АЕК (34 500 теңге) төлеуге тура келеді.





Тәртіп бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, 2 АЕК бес есеге өседі. Ал материалдық залал келген немесе жәбірленуші жеңіл жарақат алған жағдайда 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Веложолақ бар жерде тротуармен жүргені үшін жаза қарастырылған.




Велосипедші жүргізуші екенін ұмытпау керек




Полицейлер маңызды бір мәселені ұмытпауға кеңес беріп отыр. Жол ережесіне сәйкес, велосипедке мінген адам жүргізуші болып саналады. Ал велосипедті ұстап келе жатса, жаяу жүргіншілерге жатады. Соған қарай әкімшілік жаза да қолданылады.



"Жолда абай болыңыздар! Тыйым салынған жерден өтуге болмайды. Жолды тек жаяу жүргіншілер жолағымен кесіп өтіңіз. Ол кезде велосипедтен түсу керек. Сосын велосипедке шам мен катафот орнатып қойған дұрыс. Сонда қараңғы түскенде жолда келе жатқаныңыз алыстан көрінеді", - дейді тәртіп сақшылары.



Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 28-бабы бойынша 16 жасқа толған және ақыл-есi дұрыс адамдар жауапқа тартылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #велосипед #жолереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Бүгін 15:49

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);