Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Велошабандоз 3000 шақырымды жүріп өтті

Велошабандоз 3000 шақырымды жүріп өтті

Өмір-өзен 10.06.2021, 09:22 2,838
Велошабандоз 3000 шақырымды жүріп өтті
Сурет: Gov.kz

Ол 3 мың шақырымды 34 күнде жүріп өткен.


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұрпақтары» жалпыұлттық жобасы аясында Жетісу өңірінің тумасы Алмат Балтабековтің Нұр-Сұлтан қаласынан Талдықорған қаласына дейінгі вело-сапары аяқталды. 


Спортшыны туыстары, жерлестері, спорттағы әріптестері қуанышпен қарсы алды.


 Алмат Балтабеков Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Қорғалжын, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Жетісай, Тараз, Алматы, Талдықорған қалалары мен елді мекендері арқылы 3000 шақырымды 34 күнде жүріп өткен.


 Алмат Балтабековтің айтуынша, ол бұрын жол тосып саяхаттаумен әуестенген. Кейін ішкі туризмді дамытуға және спортты насихаттауға бағытталған осындай патриоттық велотурға шығу туралы ой келген. 


 


«Еліміздің өңірлерін аралаған кезде жергілікті тұрғындармен араласуға, табиғат тамашаларын көріп үлгеруге тырыстым. Ел тәуелсіздігінің отыз жылындағы жетістіктеріне куә болдым. Алған әсеріммен «Инстаграм» парақшасында бөлісіп отырдым. Мені халқымыздың қонақжайлығы тәнті етті. Қай жерге барсам да, бейтаныс адамдар мені құрметті қонағындай қарсы алды», - деді А.Балтабеков.


Астаналық жастардың атынан Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жастарына символикалық статуэтканы сыйға тартып, көрсеткен қолдауы үшін басқармаға ризашылығын жеткізді.



Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, сапардың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, ішкі туризм мен спортты дамыту. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында осындай патриоттық акцияларды қолдау ұрпақ тәрбиесіне қосылған сүбелі үлес болмақ.


 


Атап өтсек, Алмат Балтабеков І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «Психология» мамандығы бойынша аяқтаған. Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында студенттік тәжірибеден өткен. Қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы Психикалық денсаулық орталығында жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бизнес Алматы #Акимат Алматы #велосипед #Қазақстан #Нұрсұлдан #Талдықорған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика