Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Веломарафоншы Ахмет Байтұрсынұлының ауылынан Ыстан...

Веломарафоншы Ахмет Байтұрсынұлының ауылынан Ыстанбұлға дейін жетпек

Оқиға 08.09.2022, 16:13 1,031
Веломарафоншы Ахмет Байтұрсынұлының ауылынан Ыстанбұлға дейін жетпек
Сурет: Inform.kz

Ернат 55 күнде 5555 шақырымды жүріп өтпек


Әуесқой велосипедші Ернат Мелсұлы Ахмет Байтұрсынұлының ауылынан Ыстанбұлға дейін 5555 шақырымды жүріп өтпек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Веломарафон Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналып отыр. Ол қоғам қайраткерінің туған күнінде және оның туған жерінде басталады. Атап айтқанда, 5 қыркүйекте Ақкөл ауылында басталып, Ыстанбұлда аяқталады. Ернат 55 күнде 5555 шақырымды жүріп өтпек.



«Бұл сапарға жаз бойы дайындалдым. 700 мың теңгеге жаңа велосипед сатып алдым, ол жеңіл әрі жылдам. Сондай-ақ тиімділік пен жылдамдықты арттыруға көмектесетін велосипед аяқ киімін сатып алдым. Өзіммен бірге алып жүрген жүктің жалпы салмағы 30 кг құрайды», – деді веломарафоншы.



Ернат еліміздің төрт облысының (Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау) және Әзербайжан, Грузия, Түркия аумақтарымен жүріп өтеді.



«Велосипедпен Маңғыстау облысына жетемін. Ол жерден құрғақ порт арқылы Бакуге дейін жол тартамын. Содан кейін велосипедпен Ыстанбұлға қарай жүремін. Жолда байланыс нашар, бірақ мүмкіндігіме қарай еңсерілген жол мен болған жерлер туралы өзімнің әлеуметтік желілердегі парақшаларымда жазатын боламын», – дейді ол.



Екі айлық марафонның негізгі мақсаты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын, Абай Құнанбайұлының Tolyq Adam тұжырымдамасын дәріптеу болып табылады. Сондай-ақ веложарыс Қазақстан мен Әзербайжан, Грузия мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орайластырылған.


Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Ернат 9 сағат 56 минут ішінде 150 шақырымды велосипедпен жүріп өткен болатын. Велошеру Қазақстанның рекордтар кітабына алғашқы қысқы веломарафон ретінде енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахмет Байтұрысынұлы #марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика