AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Вейп сатуға тыйым салына ма?

Вейп сатуға тыйым салына ма?

Өмір-өзен 05.11.2021, 14:49 2,336
Вейп  сатуға тыйым салына ма?
Сурет: Нabr.com

11 жастан 15 жасқа дейінгі электронды темекі шегетін жасөспірімдердің саны 3 есеге көбейген.


Қазақстанда бір реттік электронды темекімен күрес мәселесі қолға алынды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  



«Бір реттік электронды темекімен күрес мәселесін Денсаулық сақтау министрлігімен бірге қарастырып жатырмыз. Әзірге қашан және қалай болатыны туралы айта алмаймын. Бұл жерде мамандардан бөлек, кәсіпкерлердің де пікірін ескеру қажет. Барлық жақтың ұстанымын білу үшін уақыт керек. Сонымен қатар бұл мәселеге қатысты арнайы жұмыс тобы және депутаттармен бірлескен жұмыс жүріп жатыр», - деді Әсет Ерғалиев.



Бұдан бұрын депутат Мәди Ахметов Мәжілістің жалпы отырысында бір реттік электронды темекінің жастар арасында кеңінен таралуына алаңдаушылық танытқан еді.



«Дүкен былай тұрсын, әлеуметтік желіні ашсаңыз, никотинді тауарды тәулік бойы үйіңізге тегін жеткізіп беретін пабликтерде, анонимді телеграм каналдарда жүздеген жарнама бар. Тапсырыс берушінің жасын сұрап, бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Осының салдарынан оқу жылының басынан оқушылар арасында түтіні будақтаған зиянды шылымға сұраныс еселеп артқан. Тіпті, кейбір мектептерде жоғары сынып оқушылары бастауыш сыныптарға бір реттік темекінің құнына ақша қосып сатып, әуестендіріп жүр. Еліміздің ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының соңғы 2019 жылғы зерттеулерінің мәліметіне сүйенсек, 11 жастан 15 жасқа дейінгі электронды темекі шегетін жасөспірімдердің саны 3 есеге, ал қыздар арасында 2 есеге өскен. Көш басында 3,9 пайыз көрсеткішпен алматылық жасөспірімдер тұр. Аталған зерттеу соңғы екі жыл жүргізілмегендіктен, қазіргі жағдай мүлде белгісіз», - деді Мәди Ахметов.






 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вейп #темекі #сату #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 16:01

Мемлекет басшысы Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді

Бүгін 15:54

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау шаралары туралы айтты

Бүгін 15:09

«Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді»

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);