AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Вейп қолданған 350-ден астам адам жазаланды

Вейп қолданған 350-ден астам адам жазаланды

Заң мен тəртіп 21.03.2024, 11:16 1,351
Вейп қолданған  350-ден астам адам жазаланды
almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бері елордада темекі өнімдерін, оның ішінде электрондық темекі мен сұйықтықтарды тұтынуға салынған тыйымды бұзғаны үшін 355 әкімшілік хаттама толтырылды. Астана полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Эльдар Данияров елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай заттардың таралуына және қолданылуына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес Қазақстанда темекі шекпейтін және темекі өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.


Шегілмейтін темекі өнімдеріне құрамында никотин бар өнімдер және олардың насыбай, снюс және т.б. сияқты синтетикалық аналогтары жатады.



«Рұқсат етілмеген жерлерде темекі өнімдерін сату немесе тарату фактілері анықталған кезде полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 196-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғайды. Жыл басынан бері осы бап бойынша 70-ке жуық әкімшілік хаттама жасалды. Белгіленген орындарда темекі өнімдерін сату немесе тарату фактілері анықталған кезде темекі өнімдерін сату фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалады. Оларға кальянға, кальян қоспасына, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге, электронды тұтыну жүйелеріне және олар үшін сұйықтықтарға арналған өнімдер жатады. Бұл әрекет жеке тұлғаларға – отызға дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елуге дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексенге дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша 7 әкімшілік хаттама жасалды», - деді Эльдар Данияров.



Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша жыл басынан бері 355 хаттама жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елорда #вейп #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);