AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл...

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Мәдени Алматы Бүгін 18:27 38 yakiya
«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Басылым ұжымын айтулы мерейтоймен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін, 28 сәуірде Алматы қаласындағы ірі мемлекеттік басылымдардың бірі – «Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл басылымсыз Алматының рухани әрі ақпараттық келбетін елестету қиын. Газет сол уақыттың өзінде-ақ әділдігімен, шынайылығымен және кәсіби ұстанымымен ерекшеленді.

«Газеттің ақпараттық саясаттағы заманауи құралдар мен жаңа форматтарды сәтті меңгеріп, еліміздегі маңызды оқиғаларды жауапкершілікпен жариялап келе жатқаны қуантады. Бұл – басылым журналистерінің елге деген жанашырлығы мен патриоттық ұстанымының айқын көрінісі.

Басылым ұжымы алдағы уақытта да Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда әділеттілік, даму, заңға бағыну, табиғатты аялау және патриотизм сияқты Конституциямыздың басты қағидаттарының орнығуына ықпал етеді деп сенемін», – делінген Президенттің құттықтауында.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да құттықтауын жолдады.

Қазақстан Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев та «Вечерка» жай ғана газет емес, Алматының жылнамасы екенін атап өтті.

Шын мәнінде, бұл басылым – Қазақстанның ең ірі қаласындағы бүгінге дейін үздіксіз шығып келе жатқан көне баспа БАҚ-тарының бірі. Газеттің алғашқы саны 1936 жылғы 28 сәуірде сол кездегі «Социалистическая Алма-Ата» атауымен жарық көрді. Ал 1968 жылғы 2 қаңтардан бастап басылым «Вечерняя Алма-Ата» деген атаумен шыға бастады. 1980-жылдардың басында қала халқы 800 мың адам болған кезеңде «Вечерканың» таралымы 210 мың данаға жеткен.

1993 жылы басылымның атауы «Вечерний Алматы» болып өзгертілді. Ал 1998 жылы газет сөздің тура мағынасында ғарыш деңгейіне көтерілді: оның бір данасын ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев «Мир» ғарыш станциясына жеткізді.

Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, «Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық даму жөніндегі кеңесінің төрағасы Олжас Сүлейменов өз құттықтауында басылымның Қазақстандағы беделді әрі танымал баспа БАҚ-тарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгінгі мерейтойда қалалық газеттің абыройын асқақтатқан талантты журналистердің, публицистер мен қаламгерлердің бірнеше буынын еске алуға тамаша мүмкіндік. Айта кетейік, жасы тоқсанға толса да, газет өзінің жастық жігерін, ерекше серпіні мен позитив қуатын жоғалтқан жоқ», – деді Олжас Сүлейменов.

«Вечерка» ондаған жыл бойы журналистиканың жоғары стандарттарын сақтап келеді. 2013, 2015 және 2023 жылдары басылым «Жыл таңдауы» байқауында «Үздік баспа БАҚ» атанса, 2014 жылы Қазақстан Журналистика академиясының «Алтын адам» сыйлығына ие болды.

Газет тарихындағы жаңа кезең 2020 жылғы 7 тамызда «Alatau Aqparat» медиахолдингінің құрылуымен басталды. Қазір Ержан Қалымбайұлы басшылық ететін оның құрамына «Вечерний Алматы» газетінен бөлек, Almaty Aqshamy газеті, Vecher.kz, Aqshamnews.kz және Alnews.kz сайттары мен әлеуметтік желілері кіреді. Сонымен қатар, 2025 жылғы сәуірден бастап подкаст студиясы жұмыс істей бастады.

Айта кетейік, 90 жыл ішінде газеттің 360 миллионнан аса данасы жарық көрген. Жалпы осы уақытқа дейін 14 533 саны шықты. Сондай-ақ, басылымды әр жылдары 18 бас редактор басқарған. Қазіргі бас редакторы – Талғат Исенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47

Алматыда әкелер форумы өтті

Бүгін 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика