AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Вакцинация - балаларды қызылшадан қорғаудың ең тиі...

Вакцинация - балаларды қызылшадан қорғаудың ең тиімді жолы

Медицина 24.11.2023, 07:46 1,456
Вакцинация - балаларды қызылшадан қорғаудың ең тиімді жолы
Сурет: Dinastiy.ru

Қызылша - әлемдегі ең жұқпалы және өлімге әкелетін аурулардың бірі. Оған қарсы жалғыз және сенімді құрал - вакцинация.


Қызылшаны қызылша вирусы деп аталатын өте жұқпалы вирус тудырады. Ауру жұқтырған адаммен байланысқанда, сондай-ақ ол жөтелгенде не түшкіргенде ауа тамшылары арқылы жұғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


No36 қалалық емхананың директоры Гүлжайнат Тілегеннің айтуынша, қызылшамен ауырғандар бөртпе пайда болғанға дейін төрт күн және одан кейін төрт күн жұқпалы болады. Бұл аурудың таралуын тежеуді қиындатады. Қызылша пневмония, энцефалит, тіпті өлім сияқты ауыр асқынуға әкелуі мүмкін.



"Қызылша ауруының ауыр зардаптарына балалар өте осал келеді. Шындығында, қызылша дамушы елдердегі балалар өлімінің басты себебінің бірі. Вакцинация - балаларды қызылшадан қорғаудың ең тиімді әдісі. Вакцина қауіпсіз әрі тиімді және ауруға қарсы ұзақ мерзімді иммунитетті қамтамасыз етеді. Сол себепті вакцина ауруды емдеуден әлдеқайда арзан», - дейді Гүлжайнат Тілеген. 



Балаларды қызылшадан қорғау үшін олардың вакцинациялануы өте маңызды, өйткені тек вакцина қызылшаның өршу қаупін азайтып, өмірді сақтауға көмектеседі. 



«Бірінші егу 12 айлық балаларға, екіншісі олар 6 жасқа толғанда жүргізіледі. Қызылшамен ауыратын науқастардың көбеюіне байланысты Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіліп жатыр. Қазір біздің емханада 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға егу жүргізіліп жатыр. Келесі айдан (1 желтоқсаннан) бастап 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар егіледі. Бұл ауру жұқтырған балалардың 60%-ының жоспарлы түрде екпе алмауына, көп жағдайда ата-аналарының екпеден бас тартуына байланысты», - деп толықтырды дәрігер.



Сөзінің соңында Г. Тілеген Наурызбай аудандық СЭБД-мен бірлесіп профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын, оның аясында екпе науқанымен қатар, балаларға білім беру ұйымдарында вакцинациямен қамтудың шекті деңгейі кемінде 90%-ды құрауын қадағалау, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын баса айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вакцинация #алдын алу #қызылша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика