Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Вакциналау туралы анықтамасы бар адамдарға ПТР-те...

Вакциналау туралы анықтамасы бар адамдарға ПТР-тест жүргізу талап етілмейді

Жақыныңа жанашыр бол! 18.02.2022, 16:59 2,776
Вакциналау туралы  анықтамасы бар адамдарға ПТР-тест жүргізу талап етілмейді
ortcom.kz

Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін қандай шектеулер жойылды


Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін қолданыстағы шектеулерді жеңілдетуді көздейтін №10 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-0а сілтеме жасап.


- Бейтарап «көк» мәртебесі бар келушілер үшін «қызыл» аймақта көпшілік жиналатын орындарға – үй-жайлар 70%-ға дейін толған кезде, ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караокеге, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шараларға, ойын клубтарына, казиноға, сондай-ақ салтанатты жиындарға, ас беруге, көпшілік және өзге де іс-шараларға бару кезіндегі шектеулер алынып тасталды.


- Қызметтің барлық түрлері үшін «сары» аймақтағы шектеулер алынып тасталды.


Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы №11 қаулысымен қолданыстағы кейбір қаулыларға өзгерістер енгізілді.


- Ауру белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдарды үй карантинінде оқшаулау алынып тасталды.


- «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, вакциналауға жататын адамдардың тізбесі кеңейтілді: тізбеге бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және бірінші курсты аяқтау үшін, шетелде вакцинаның бірінші дозасын алған адамдар енгізілді.


- «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, ревакциналауға жататын адамдардың тізбесі кеңейтілді: тізбеге бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және 50 жастағы және одан жоғары жастағы адамдар енгізілді.


- Қазақстан Республикасына кіру үшін құжаттамалық растауды ұсыну кезінде ҚР шекарасын кесіп өткен сәтте Қазақстан Республикасында ревакцинация алған немесе егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған адамдарға; Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы ұсынған адамдарға ПТР-тест жүргізу талап етілмейді.


- Бірге еріп жүретін адамдарда «жасыл» немесе «көк» мәртебе болған жағдайда оларға білім беру ұйымдарына кіруге шектеулер алынып тасталды.


- Кинозалдарға тамақ және сусын алып кіруге қойылатын тыйым алынып тасталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ковид #Вакцинация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Кеше 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Кеше 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Кеше 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика