ffin.kz

Вакцинадан емес вирустан келер қауіп көп

Вакцинадан емес вирустан келер қауіп көп Сурет: Gazeta.ru

Қазақстан бойынша екпе алған азаматтардың басым көпшілігі Ресейдің «Спутник V» вакцинасын таңдаған.


Мамандардың айтуынша, күннен күнге өршіп, түрленіп, мутацияға ұшырап, жаңа штамдары пайда болып жатқан вируспен күресудің ең тиімді жолы біреу ғана, бұл – жаппай вакцина алу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүкіл әлемнің Covid-19 коронавирустық инфекциясымен күресіп келе жатқанына бір жарым жылдай уақыт болдды. Жер бетіндегі адамзаттың денсаулығына осы індеттен төнген қауіп күні бүгін сейілер емес. Дүниежүзін жайлаған індеттен қаншама адам ажал құшты? Ғалымдар дер кезінде вирусқа қарсы вакцина ойлап таппағанда, бұл індеттің салдары қандай болатынын тіпті елестетудің өзі қиын.


Мамандардың айтуынша, адамдар бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, қанша оқшауланғанымен, екпе алмаса, вирустан жүз пайыз сақтану мүмкін емес. Сондықтан да әлемдегі медицина саласының қызметкерлері, ғалымдар халықты жаппай вакцина алуға шақырады.


 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды вакцина алуға шақырады. Мемлекет басшысы антиваксерлердің сөзіне ермей, ғылымның жетістігіне сенудің маңызын атап өтті.



«Екпе алу  – әр адамның азаматтық парызы», деді Президент.



Қазіргі таңда Қазақстанда ерікті түрде вакцина алушылардың саны алғашқы кезеңдермен салыстырғанда әлдеқайда артты. Қазақстандықтарға екпе биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап салына бастаған болатын.


Соңғы мәлеміттер бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 4 241 859 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды. Республиканың 2 389 756 азаматы толық иммундаудан өткен. Еліміз бойынша екпе алған азаматтардың басым көпшілігі Ресейдің «Спутник V» вакцинасын таңдаған. Қазір осы вакцинамен әлемде 5 миллионнан астам адам егілді.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ең алғашқы болып «Спутник V» вакцинасын коронавирус инфекциясына қарсы қолдануға рұқсат берген болатын. «Спутник V»– ағзаның аденовирустық платформасына негізделген вакцина. Әлем бойынша алғашқы тіркелген Ресей екпесі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тізіміндегі вакциналардың алғашқы ондығына енген. Ғалымдардың зерттеуінше, "Спутник V" вирустың жаңа штамдарына да қарсы тұра алады. Осы күнге дейін екпе салдырғандардың арасында вакцинаға аллергиялық реакция байқалмаған. "Спутник V" екпесі Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Венесуэла, Оңтүстік Корея  және Беларусь секілді әлемнің 67 елінде қолданылады. "Спутник V" - тиімділігі 90% асатын әлемдегі үш вакцинаның бірі. Вакцинаның тиімділігі 97,3% деңгейінде.


Таяуда британдық Nature журналында "Спутник V" коронавирусына қарсы ресейлік вакцина туралы материал жарық көрді. Мақалада "Спутник V" вакцинасының қауіпсіз және тиімді екеніне жан-жақты шолу жасалған. Шетелдік беделді басылым вакцинаның әлемді жайлаған індетпен күресуде алатын орны ерекше екенін жазды.  


ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева вакцина коронавирустық инфекцияның дамуына түрткі болмайтынын, сондай-ақ созылмалы аурулардың өршуіне алып келмейтінін айтады.



"Вакцина коронавирус ақуызының белгілі бір түріне антиденелер шығаруға бағытталған. Қазақстанда қазір үш вакцина бар. KazVac және Hayat-Vax-белсенді емес вакциналар, олардың құрамында «өлтірілген» вирус бар, сондықтан бұл вакциналар адамның жағдайын нашарлата алмайды. "Спутник V" - векторлық вакцина және коронавирус ақуызының тасымалдаушылары аденовирустар. Сондықтан вакцинациядан кейін тұмауға ұқсас синдром болуы мүмкін. Бірақ бұл адамның денсаулығына қауіпті емес, қайта ағзаның вирусқа төзімділігін арттырып, қарсы иммунитет қалыптастырады, – дейді маман.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04