Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Вакцина алғандарда коронавирус сырқаты қалай жүрет...

Вакцина алғандарда коронавирус сырқаты қалай жүретіні айтылды

Медицина 06.11.2021, 10:00 1,727
Вакцина алғандарда коронавирус сырқаты қалай жүретіні айтылды
Cурет: Ria.ru

Вирус жұқтырған адамдардың ауыз қуысы мен мұрынында вирус көп болады


Вакцина алған адамдарда сырқат анағұрлым жеңіл өтеді. Бұл туралы дат ғалымдары – профессор, Видорв қаласының жұқпалы аурулар аурханасының бас дәрігері Томас Бенфилд пен Орхус университетінің иммунолог профессоры Руне Хартманн мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ғалымдар Danmarks Radio-на берген сұхбатында вакцина алған адамдарда сырқат қалай жүретінін айтты. Олар вакцина алған адамдар да вирустың жаңа нұсқасын жұқтырып алатынын жеткізді.


Олардың айтуынаша, коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдар вирус жұқтырған кезде оларда бас ауруы, түшкіру, тамағының ауруы мен мұрыннан су ағу сияқты белгілері болады. Кейбірінде дене ыстығы көтеріліп, иіс сезу жоғалып кетеді екен.


Хартманн түсіндіруінше, вакцина алған даамдар арасында да сырқат ауыр жүретін көрінеді, тіптен өлім жағдайына дейін әкеледі екен. 



«Қазір сырқаттың ауыр түрінің күрт төмендегенін көріп отырмыз. Бұл дегеніміз адамдар аурухаға бұрынғыдай көп түспейтінін білдіреді,-дейді ол. 



Сонымен қатар ол сырқаттың өту мерзімі нақты вакцинаның құрамы мен адам ағзасына, оның жасына байланысты болатынын жеткізді. Мамандар 70 жастан асқан адамдар вакцина алған соң алты ай өткенде оның күші әлсірейтінін байқаған. Сол үшін тағы вакцина салдырған дұрыс дейді.


Сондай-ақ вакцина алған адамдар COVID-19-ды жұқтырған кезде оны өзге адамдарға тарата береді, оның алдын алу үшін ПТР тест тапсырып отыру қажет, деп түсіундірді Бенфилд. Оның айтуынша, вирус жұқтырған адамдардың ауыз қуысы мен мұрынында вирус көп болады, сондықтан олар көп адамға жұқтыруы мүмкін. 


Бұған дейін Германия мен Бельгияның медицина қызметкерлері коронавирус адамның ми жасушаларына қауіп төндірмейді деген тоқтамға келген еді. Олар коронавирус негізінен тұрақты жасушалар нысанын зақымдайтынын айтқан. Ғалымдар  COVID-19 иіс сезіміне жауап беретін сенсорлық нейрондарды зақымдайтынын дәлелдей алмады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пандемия #науқас #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика