Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / ВАК ішкі нарықты сұйылтылған газбен үздіксіз қамта...

ВАК ішкі нарықты сұйылтылған газбен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды

Нарық 17.01.2022, 15:30 5,191
ВАК ішкі нарықты сұйылтылған газбен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды
Сурет: Еconomic.karpat.in.ua

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында ішкі нарықты сұйылтылған газбен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында сұйылтылған мұнай газын (СМГ) электрондық сауда алаңынан (ЭСА) тыс – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде ішкі нарыққа жеткізу жоспары арқылы сату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



ҚР Ішкі нарығына сұйылтылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына мұнай-газ химиясы кәсіпорындарымен және топтық резервуарлық қондырғылармен (тұрмыстық мұқтаждықтар үшін) қатар, СМГ-ны ЭСА-дан тыс сатып алуға құқығы бар субъектілердің тізімін кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізілді, мұндай құқыққа автогаз құю станциялары, газ желісі ұйымдары, газ толтыру бекеттері, газ толтыру станциялары ие болды.


Энергетика министрлігі субъектілердің аталған жаңа санаттары үшін ЭСА-дан тыс ішкі нарықта СМГ-ны бөлуге уәкілетті.


СМГ көтерме және бөлшек саудада өткізудің 150-ден астам субъектісі жұмыс істейтін өңірлердің әкімдіктері осындай субъектілер арасында сұйылтылған мұнай газын бөлудің өз тетіктерін әзірлеуге уәкілетті.


2021 жылғы желтоқсанда және 2022 жылғы қаңтарда бөлшек саудада өткізушілер  ЭСА-лардан сұйылтылған газ көлемдерін көтерме нарық бағалары бойынша сатып алды.


Биыл 5 қаңтарда сұйылтылған мұнай газын бөлшек саудада сатуға шекті бағалар белгіленді (өңірлерге қарай – бір литрі үшін 50 теңгеден 70 теңгеге дейін, шалғай аудандарда – бір литрі үшін 55 теңгеден 75 теңгеге дейін), сондай-ақ шекті көтерме бағасы бір тоннасы үшін 38 701 теңгеден 28 000 теңгеге дейін төмендеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#нарық #газ #мәселе #мұнай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика