Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

Үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

Әлеумет 14.02.2025, 16:30 1,169
Үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды
Сурет: «AMANAT» партиясы

Бүгін Алматы қаласында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері арасында үздіктерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» аймақтық байқауы өтті.

Бұл байқау партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс сапасын арттыру, халықпен тиімді байланыс орнату, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және олардың белсенділігін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурсқа Алматы қаласындағы барлық аудандық филиалдар қатысып, өздерінің атқарған жұмыстарын ұсынды. Әрбір қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі жан-жақты бағаланып, олардың тұрғындармен жұмыс жүргізу сапасы, азаматтардың өтініштерін қарастыру тиімділігі, проблемаларды шешу жолындағы нәтижелілігі ескерілді.

Байқау барысында арнайы комиссия ұсынылған жұмыстарды саралап, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде, Алатау аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі үздік деп танылып, бірінші орынды иеленді. Бұл филиал өз қызметінде азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруімен, тиімді шешім қабылдауымен және тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді атсалысуымен ерекшеленді. Осы жеңісінің арқасында Алатау аудандық филиалы республикалық деңгейде өтетін байқауға жолдама алды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

         •        Наурызбай аудандық филиалы – екінші орын

         •        Бостандық аудандық филиалы – үшінші орын

         •        Медеу аудандық филиалы – үлгілі жұмысы үшін ынталандыру марапатына ие болды

Жеңімпаздар арнайы марапатталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды. Байқау барысында қатысушылар халықпен жұмыс істеудегі тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың мәселелерін шешуге ықпал ететін маңызды алаң болып табылады. Бұл байқау қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін одан әрі жетілдіруге, олардың жұмыс сапасын арттыруға және халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға серпін бермек.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #«AMANAT» партиясы #Қоғамдық қабылдау #аймақтық байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таразда оқушы әкесінен алимент өндіріп алды

Бүгін 10:09

Ақтөбедегі теракт: сотталғандардың үшеуі түрмеде қайтыс болды

Бүгін 09:49

Ақтауда түйесін үйдің маңындағы "тұраққа қойған" тұрғынға айыппұл салынды

Бүгін 09:31

Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының чемпионы атанды

Бүгін 09:16

Трамп Ирандағы әскери операция қашан аяқталатынын айтты

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика