AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының жеңі...

«Үздік педагог-2023» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Білім және ғылым 07.12.2023, 05:04 2,480
«Үздік педагог-2023» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Еліміз бойынша өткізілген «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.


Сала минстрлігінің мәліметі бойынша, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығы бойынша үздік атанды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жеңімпаздарға салтанатты түрде марапаттарын табыстады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Ведомство басшысы құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында мұғалім мәртебесі 2019 жылы заңнамалық деңгейде бекітілгеннін атап өтті. Мұғалімдерге лайықты жалақы, үстемеақылар, заманауи жұмыс жағдайлары және кәсіби даму мүмкіндіктері қарастырылған.




«Мұғалім тек мамандық емес, жүректің таңдауы, жанның қалауы. Қай заманда болсын ағартушылар қоғамды ең құнды дүние - білімге жетелейтін көрнекті тұлғалар саналды. Меніңше педагогтердің жанкешті еңбегінің мәні осы. Жыл сайын біздің мұғалімдер халықаралық аренада жоғары жетістіктерге жетуде. Кеше ғана жарияланған PISA-2022 жаһандық рейтингінің нәтижелері де тікелей біздің ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі. Бүгін біз сіздердің ағартушылық қызметтеріңіздің маңыздылығын тағы бір рет атап өту үшін жиналдық. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», — деді Ғани Бейсембаев.




Айта кетейік, республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігін, «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алды.




«Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы күнге дейін 624 педагог үздік деп танылып, олардың әрқайсысына мемлекеттік қолдау ретінде 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беріледі. Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Конкурсты өткізу рәсімінің өзі автоматтандырылған және ашық түрде өтті. Республикалық конкурстық комиссияның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері және т. б. кірді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#педагог #мұғалім #үздік #маман #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);