AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Үздік педагог-2022» конкурсының финалына 123 мұға...

«Үздік педагог-2022» конкурсының финалына 123 мұғалім өтті

Әлеумет 09.11.2022, 10:05 1,306
«Үздік педагог-2022» конкурсының финалына 123 мұғалім өтті
Сурет: Sn.kz

Конкурс қорытындысы бойынша барлығы 64 жеңімпаз анықталады.


Қазақстан ұстаздары арасында өтіп жатқан байқаудың финалына қанша маман шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы «Үздік педагог» атағына 123 мұғалім үміткер. Олар байқауға қатысушы 5,5 мың педагогтің арасынан іріктеліп алынды. Конкурс қорытындысы бойынша барлығы 64 жеңімпаз анықталады. Олардың барлығы 3 млн теңгеден (1 000 АЕК) сыйақы алады», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Биыл министрлік цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Дәлірек айтқанда, байқаудың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап, республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылды. Соның арқасында түскен өтініштер саны рекордтық көрсеткішке (5,5 мыңнан астам) жетті.


Қазір байқаудың ақтық сынына балабақшалар мен мектептердің 103 мұғалімі, колледждердің 20 мұғалімі қатысып жатыр. Олар аудандық, қалалық және облыстық турлардың қорытындысы бойынша ұсынылған.



«Биыл алғаш рет өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау және апелляция беру teachercontest.iac.kz порталында жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ өтінім берілген сәттен бастап барша үміткер онлайн режимде байқаудың барлық динамикасын бақылау мүмкіндігіне ие болды. Яғни қатысушылар қай кезеңде, оларға сарапшылар қандай ұпай берді және т.б. бақылай алды. Биылдың тағы бір жаңалығы – әріптестеріміз конкурс комиссиясы бағалайтын ашық сабақтар өткізеді. Жүлде қорын да көбейттік. Осындай шаралардың арқасында қатысушылар саны ғана емес, олардың сапалық құрамы да артып келеді», - дейді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Республикалық конкурс комиссиясының құрамында қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының өкілдері және т.б. бар.



«Үздік педагог» республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын атап өтейік. Осы уақыт аралығында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ге жуық мұғалімі «Үздік педагог» атағының иегері атанды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #байқау #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді

Бүгін 14:33

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);