конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Үздік 100 студент» – жастарға сенім, болашаққа үм...

«Үздік 100 студент» – жастарға сенім, болашаққа үміт

Барлығы 03.06.2025, 15:33 799 Дина
«Үздік 100 студент» – жастарға сенім, болашаққа үміт
сурет: Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Бұл шешім – еліміздің дамуына негіз болатын, қол еңбегімен ел игілігіне үлес қосып жүрген мамандардың мәртебесін көтеруге бағытталған. Себебі білім – ел болашағының іргетасы. Осы жолда аянбай еңбек етіп, дарынын, шығармашылығын және білімін ұштап жүрген жастар – қоғам мақтанышы.                                                                                                                   

Жыл сайын еліміздің әр өңірінде өткізілетін «Үздік 100 студент» жобасы – осындай белсенді, ізденімпаз жастарды анықтауға, олардың еңбегін бағалауға арналған игі бастама. Биыл Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша Астана қаласында республикалық деңгейде аталмыш жобаның байқауы ұйымдастырылды.                        

Бұл конкурс тек үздік оқитындарды ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, қоғамдық шараларға белсене қатысатын, спорт пен өнерде жетістіктерге жеткен жастарды да қамтиды. «Үздік 100 студент» атағы – қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі.                                                                                                        

Жобаның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтардың, оның ішінде аспаздық, шаштараз өнері, тігін ісі сынды кәсіптердің беделін арттыру, сондай-ақ студенттердің кәсіби дамуына қолдау көрсету. Биылғы тізімге енген студенттер – өз саласында айрықша нәтиже көрсеткен жас мамандар.                                                                                                            

Олардың қатарында Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледж  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова Күнімай Нұрлыбайқызының жетекшілігі мен      3- бағам  студенті Оразбаев Айбек Бағланұлы да бар. Ол бұл конкурсқа үлкен дайындықпен келіп, ерекше жобасымен көзге түсті. Айбек өз жобасында туған өңірі жайлы, іске асырылып жатқан бастамалар туралы, сондай-ақ өзі білім алып жатқан оқу орны мен таңдаған мамандығы туралы кеңінен баяндады. Байқауға қатысудағы мақсаты мен жетістікке жету жолын шынайы түрде көрсете білді.                                                         

Сонымен қатар, бұл байқау оған үлкен тәжірибе мен тың ақпараттар алып, кәсіби өсу жолында сенімді қадам жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Әрине, мұндай табыстар – студенттің жеке еңбегінің, ұстаздарының қолдауы мен ата-анасының сенімінің нәтижесі.  «Үздік 100 студент» жобасы – жастардың білімге деген ынтасын арттырып, жауапкершілік пен сенімділікті қалыптастырады. Мұндай байқаулар салауатты бәсекелестік орнатуға, жас ұрпақтың өз әлеуетін толық ашуға жол ашады.                                                                

Қорытындылай келе, бұл жоба – еліміздің болашағын жасақтайтын көшбасшы жастарды тәрбиелеудің, олардың әлеуетін қолдаудың жарқын үлгісі. Осындай бастамалар Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін көтеріп, жастардың қоғамдағы рөлін нығайта түседі. Әр мамандық – табысты болашақтың бастауы екенін ұмытпайық.

Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі

Кітапхана меңгерушісі Жандар Сәуле Илиясқызы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы мамандықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшыларының қатысуымен ACT Creative Tech Week 2026 халықаралық форумы өтеді

Бүгін 17:45

Ұлттық ұлан сарбазы «Калашников» фильміндегі актерге ерекше ұқсастығымен көпшіліктің назарын аударды

Бүгін 17:11

1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін 16:49

Еліміздің төрт ақылы автожолында орташа жылдамдыққа бақылау енгізіледі

Бүгін 15:43

Құрылтай-2026: Бас Прокуратурасы үндеу жасады

Бүгін 12:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);