Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Утиль алымға қатысты жұмыс тобының отырысы өтпей қ...

Утиль алымға қатысты жұмыс тобының отырысы өтпей қалды

Әлеумет 06.06.2024, 20:06 891
Утиль алымға қатысты жұмыс тобының отырысы өтпей қалды
интернеттен

Утиль алымы туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы оның бастамашыларының қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтуі тиіс болатын.

Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Сонымен қатар, жұмыс тобының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының, өнеркәсіп саласының өкілдері, сондай-ақ утиль алымын жоюды жақтаушылар С.Боқаев, Е.Кулбасов, Д.Макешов, Д.Салыков және басқа да азаматтар қосылды.

Министрлік барлық мүдделі тараптарды шақырып, жұмыс тобының отырысын өткізу үшін қажетті ұйымдастырылған шараларды әзірлеп, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасын қамтамасыз етті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимараты – стратегиялық нысанның бару регламентінде келушілер ұялы телефондарын өзімен бірге ала алмайтыны және оны кіре берісте қалдыруы көзделгенін айта кеткен жөн. Алайда, өтініштің бастамашысы С.Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты.

 
Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне байланысты емес себептер кесірінен отырысты өткізуді тоқтатуға тура келді.

"Отырысқа қатысу үшін Парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді. Алайда, біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартып, Министрліктің оған Жұмыс тобының отырысы аяқталғаннан кейін бейнежазбаны ұсынуына келіспеді", - деп хабарлады ҚР ӨҚМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік алдағы уақытта конструктивті диалогты күтетіндерін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Утиль алым #Жұмыс тобы #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика