Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұстаздар байқауына қатысқысы келетіндер саны артып...

Ұстаздар байқауына қатысқысы келетіндер саны артып келеді

Әлеумет 19.09.2022, 07:52 1,767
Ұстаздар байқауына қатысқысы келетіндер саны артып келеді
Сурет: Qazaqtv.com

Бір апта ішінде 2,6 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші ниет білдірген.


«Үздік педагог-2022» конкурсына қатысуға құжат қабылдау жалғасып жатыр. Алғашқы аптада еліміздің әр өңірінен 2,6 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өз өтінімдерін жолдап үлгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Құжат қабылдау 12 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. Жеңімпаздар 3 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалімнің әрқайсысы 3 млн теңгеден алған болатын.



«Биыл байқауды цифрландырудың арқасында біз конкурстың үш кезеңіне де қанша мұғалім қатысатынын бақылай аламыз. Бірінші аптада https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында 2 630 мұғалім мен тәрбиеші тіркелді. Биыл байқауға қатысатын әрбір мұғалім сауалнаманы толтырғаннан кейін байқаудың одан арғы динамикасын, яғни қатысушылардың қай кезеңде екенін, оларға сарапшылар қандай ұпай бергенін бақылай алады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.


Байқау ережелері туралы қосымша ақпаратты Оқу-ағарту министрлігінің сайтынан да табуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #байқау #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика