AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұстаз бен құрылысшының махаббаты

Ұстаз бен құрылысшының махаббаты

Әлеумет 11.09.2024, 22:18 1,969 Bakyt
Ұстаз бен құрылысшының махаббаты
Суретті түсірген - Самат Құсайынов

Жетісу ауданына қарасты Кемел ықшамауданының Мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға жас отбасылар, аға буын өкілдері, қоғам қайраткерлері және өнерпаздар қатысты.

Іс-шара әкімдік пен әлеуметтік мекеме өкілдерінің құттықтау сөздерінен басталды.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігі қоғамдық даму бөлімінің басшысы Рүстем Исмайылов тұрғындарды Отбасы күнімен және алдағы қала күнімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, ол Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтың атынан «Мерейлі отбасы» қалалық байқауының жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Алматы қаласының Жетісу ауданында тұратын Қанаевтар отбасы биыл алтын тойын – 50 жылдық некесін атап өтуде. Дәл осы жұп «Мерейлі отбасы» қалалық байқауында екінші орынға ие болды. Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау және қазақстандық отбасының оң бейнесін қалыптастыру. Ұстаз бен құрылысшының махаббатқа толы әдемі тарихы мықты әрі бақытты одаққа ұласты. Орынша мен Нұрғали Қанаевтар төрт қыз тәрбиелеп, тоғыз немере сүйіп отыр.

– Татулығы жарасқан отбасының құпиясы қарапайым: бір-бірін тыңдау, өзара түсіністік пен құрмет көрсету және қателіктер үшін дер кезінде кешірім сұрау маңызды, – деп бөлісті жұп.

Отбасы күні мерекесі аясында көпбалалы аналар да аудан әкімдігінен мақтау қағаздарына ие болды.

Мерекелік концерттік бағдарлама көрермендердің көңілінен шықты. Сахнада ана туралы, махаббат жайлы әндер шырқалып, «Көңіл ашар» күйі орындалды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары ұлттық билерді орындап, көрермендерді қуанышқа бөледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #мерейлі отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика