Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үшарал әуежайы үздіксіз жұмыс істейді

Үшарал әуежайы үздіксіз жұмыс істейді

Экономика 10.06.2021, 08:47 1,913
Үшарал әуежайы үздіксіз жұмыс істейді
Сурет:Gov.kz

Үшарал қаласындағы әуежай туристік маусым бойы үздіксіз жұмыс істейтін болады.


Үлкен әуе кемелерін қабылдау үшін жүргізіліп жатқан ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстары кезінде ұшақтар арнайы дайындалған жолаққа қонады. Тілек білдірушілер Алакөл көлі жағалауында еш кедергісіз демала алады. Бұл туралы бүгін ұшу-қону жолағын жаңғырту мәселелері жөнінде өткен жиында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жиын барысында белгілі болғандай, ұшу-қону жолағын жаңғырту жобасының жалпы құны 7,5 млрд теңге, соның 4,7 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 2,8 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «BI Infra Construction» ЖШС жүргізеді. Бас мердігер ұйым – «Талдықорған жолдары» ЖШС.«BI Infra Construction» ЖШС бас директоры Дархан Рахимовтың айтуынша, жаңғыртудың бірінші кезеңінде жолақ 2700 метрге дейін ұзартылып, 49 метрге дейін кеңейтіледі. Екінші кезеңінде жарық дабылды құрылғы, ұзындығы 6220 метрлік периметрлі қоршау, бейнебақылау орнатылып, ұзындығы 6 мың метрлік патруль жолы салынады. Бірінші кезеңде шамамен 50 бірлік қажетті техника тарту жоспарланған. Қос қабатты бетон жабынды қыркүйек айында төселеді. Оған дейін цемент, инертті материалдар іріктеу, құрал-жабдықтарды іске қосу және құрылыс материалдарын зертханалық тексеруден өткізу сияқты барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізіледі.Облыс әкімі Амандық Баталов материалдар мен барлық құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда болуы керектігін атап өтті:



«Алакөл – тұтас Қазақстанның жауһары. Сондықтан ұшу-қону жолағын жаңғырту жобасын сапалы әрі мерзімінде іске асырудың маңызы зор. Енді барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып жұмысқа кірісу керек, келесі туристік маусым басталғанша құрылыс жұмыстарын аяқтауға тиіспіз. Осы туристік маусымда авиарейстер тоқтамайды. Әуежай терминалы өз жұмысын жалғастырады, Алакөлдің барлық туристік демалыс аймақтары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып қонақтарды қабылдауға дайын. Ұшу-қону жолағын жаңғырту кезінде ұшақтар арнайы дайындалған жолаққа қонатын болады»,- деді А. Баталов.



Жиын соңында облыс әкімі жауапты тұлғаларға мердігер ұйымдардың жұмысына қажетті жағдай жасап маңызды нысанның жаңғырту жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Жалпы, Үшарал қаласындағы әуежайдың жолағын жаңғыртқаннан кейін мұнда «Boeing B767-300», «B767-200 ER», «B757-200/300», «Airbus A310-300», «ТУ-154 М» класты авиалайнерлерді қабылдауға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде көліктерге қолжетімділікті жақсартып қана қоймай, демалушылар санының артуына ықпал етеді. Бұл - ішкі туризмді белсенді дамыту деген сөз.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматинская #пожар #женщина #смерть #Қазақстан #үшарал #әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Бүгін 15:11

Қабырғаға ұрып, үстіне секірген: Алматыда мысықты қорлаған жасөспірімнің видеосы тарады

Бүгін 14:45

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Бүгін 14:27

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Бүгін 14:16

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика