AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұшақ бортында темекі шеккен мас әйелге айыппұл сал...

Ұшақ бортында темекі шеккен мас әйелге айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 29.11.2022, 11:31 991
Ұшақ бортында темекі шеккен мас әйелге айыппұл салынды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне FlyArystan әуекомпаниясының “Астана – Алматы” бағытындағы әуе рейсі ұшып келген жолаушы әйел акт бойынша тапсырылды.


Оқиға 27 қарашада болды. Көлік полицейлері тексеру барысында масаң күйде әуе кемесінің бортында темекі шеккен 28 жастағы Астана тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша әйел жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырып, 55 айлық есептік көрсеткіш, яғни 168 465 тг көлемінде айыппұл салды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #темекі #мас әйел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін 00:04

Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Кеше 19:02

Жарыққа ұмтылған ұрпақ: білімге бастар бір қадам

Кеше 18:37

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Кеше 18:09

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);