Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұрпақ амандығының кепілі - Жеті атаңызды жатқа біл...

Ұрпақ амандығының кепілі - Жеті атаңызды жатқа білесіз бе?

Әлеумет 14.09.2025, 09:47 896
Ұрпақ амандығының кепілі - Жеті атаңызды жатқа білесіз бе?
Сурет: Dimashnews.com

Жеті атасын білу – қазақ дәстүрінің алтын қазығы

«Жеті атасын білмеген ұл – жетесіз» деген сөз қазақ халқы үшін тек нақыл емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тектілік пен тәрбие қағидасы. Жеті ата дәстүрі ғасырлар бойы ұлттың бірлігін, тұтастығын сақтап, қан тазалығын қорғаудың негізгі жолы болды.  Aqshamnews.kz тілшісі Жеті ата салтының мәні мен маңызын оқырман назарына тағы бір еске салып қоюды жөн көрді. 

Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі

Қазақ халқының көне заңдары – Есім ханның «Ескі жолы» мен Тәуке ханның «Жеті жарғысында» жеті атаға дейін қыз алыспау қатаң бекітілген. Тіпті Жәнібек ханның жарлығында:

«Жеті атадан ілгері қыз алысқандар болмауы шарт, болған жағдайда жұбайларды тең бас қылыштамақ шарт» – деп көрсетілген.

Бұл заңның басты мақсаты – қан тазалығын сақтау және ұрпақтың амандығын қамтамасыз ету. Ғалымдардың айтуынша, жеті атаға дейінгі туыстардың некелесуіне тыйым салу – генетикалық аурулардың алдын алу үшін жасалған. Батыс ғылымы дәл қазір ғана дәлелдеп жатқан мұндай қағиданы қазақ халқы ежелден берік ұстанып келген.

Жеті ата дәстүрінің мәні

Жеті ата ұрпақ жалғастығы шамамен 150 жылға созылады. Бұл – бір рудың тармағы бөлек ру болып қалыптасатындай уақыт. Жеті атаны білу әр қазаққа міндет болған, ал балаларға 7–9 жасынан бастап ата-тегін жаттатып үйреткен.

Қазақ шежіресі еркек тектен таратылады:

1. Баба

2. Әз ата

3. Ата

4. Әке

5. Ұл

6. Немере

7. Шөбере

Осыдан кейінгі ұрпақтар ғана өзара қыз алыса алған. Ал жеті атаға толған соң да ру ақсақалдары арнайы баталасып, рұқсат беретін дәстүр болған.

Шежірешілердің рөлі

Қазақ қоғамында шежірешілер – ерекше құрметке ие адамдар болды. Олар тек жеті атаны ғана емес, бүкіл рудың тарихын, би-батырларының есімін, мінез-құлқын жатқа білген. Шежірешілер ұлттың рухани жады іспетті, халықтың тарихи өлместігін қамтамасыз еткен.

 

Әдебиеттегі жеті ата ұғымы

Қазақ әдебиетінде жеті ата қағидасының сақталуын Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман–Мамыр» поэмасынан көруге болады. Жастардың туыстығына байланысты қосыла алмауы – дәстүрдің қоғам үшін қаншалық маңызды болғанын көрсетеді.

 

Қазіргі заманда жеті ата дәстүрі

Бүгінде заң жүзінде жеті атаға дейін некелесуге тыйым салынбағанымен, қазақ отбасылары дәстүрге сүйеніп, ұрпағына ата-баба тарихын үйретуге тырысады. Бұл – бір жағынан ұрпаққа тектілік пен бірлікті насихаттау болса, екінші жағынан ұлт денсаулығын сақтаудың амалы.

Филология ғылымдарының докторы Дүкен Масымханұлы айтқандай:

«Жеті ата не үшін керек? Біріншіден – қан тазалығы. Екіншіден – туыстық пен ынтымақ. Бабаларымыздың ұғымы бойынша жеті атаны сақтамаған елдің іші бүлінеді, ауызбіршілігі жойылады деп санаған».

Жеті ата дәстүрі – қазақ халқының дара болмысын айқындайтын басты ерекшеліктердің бірі. Ол тек шежіре емес, ұрпақтың амандығы мен елдің тұтастығын сақтайтын рухани заң.

Халық даналығында:

«Жеті атасын білген ер – жеті рулы елдің қамын жер» – делінген. Бұл жеті атасын білудің тек жеке парыз емес, елдік мүдде екенін айқындайды.

 

Ал Шәкәрім Құдайбердіұлы:

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» – деп, ұрпаққа аманатты жеткізуді өсиет еткен.

Сондықтан жеті атасын білу – тарихқа құрмет қана емес, болашаққа деген жауапкершілік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеті ата #таным
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

Бүгін 09:30

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Бүгін 09:22

Қазақстандағы ең бай әйел...

Бүгін 09:00

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:45

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика