AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының ажары

Алматының ажары

Алматы Бүгін 18:12 44 yakiya
Алматының ажары

Алматы қаласында 2025–2026 жылдары көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаладағы жолдар жөнделіп, жолайрықтар салынып, тротуарлар жаңартылып, аялдамалар мен жарықтандыру жүйелері орнатылды. Жобалардың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының жайлы өмірі үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, көлік кептелісін азайту, қоғамдық көліктің тиімділігін күшейту.

 

Сейфуллин – Жансүгіров көшесі қиылысындағы жолайрық

Алматы қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында және Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі №2/259 қаулысына сәйкес, 2025 жылдың шілде айында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды. Сейфуллин – Жансүгіров көшелері қиылысындағы сквер маңына қоғамдық көлікке арналған аялдама кешені орнатылды.

Жобаның негізгі мақсаты – қаладағы маңызды көлік тораптарының біріндегі жолды кеңейту және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл үшін көше қиылыстарындағы көлік жүктемесін азайту, көлік ағынын тиімді ұйымдастыру, жол жүру уақытын қысқарту, кептелістер мен жол-көлік оқиғаларын төмендету, сондай-ақ жол желісінің тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету көзделді.

Жоба аясында заманауи көпдеңгейлі көлік жолайрығы салынды. Оның құрамына эстакадалар, жол өткелдері және негізгі бағыттар бойынша көліктің үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін бұрылыстар енгізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін 2 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды.

Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру жүйелері, бағдаршамдар, жол белгілері және қоршаулар орнатылды. Нөсер суын ағызу жүйесі жасалып, инженерлік желілер жаңғыртылды.

Іргелес аумақтарды кешенді дамыту мақсатында жолдар қайта жаңартылып, кеңейтілді, тротуарлар мен қоғамдық көлік аялдамалары жабдықталды, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Осы жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде көлік торабының өткізу қабілеті айтарлықтай артып, жол кептелістері азайды және жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейі жоғарылады.

Көлік аялдама кешендері

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы №1/22 қаулысына сәйкес, 2025 жылы «7-қалалық аурухана» және «Салем» базары аумақтарында 2 көлік аялдама кешені салынды.

Жобаның негізгі мақсаты – жолаушылардың түрлі қоғамдық көлікке ауысып мінуін ыңғайлы әрі тиімді ететін заманауи мультимодальды көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындар үшін көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру барысында көлік аялдама кешендері толықтай салынып, кешенді түрде жабдықталды. Атап айтқанда, қалалық және қала маңындағы бағыттарға арналған аялдама алаңдары мен жолаушылар міну-түсу орындары ұйымдастырылды. Қоғамдық және жеке көлік ағындарын тиімді бөлу арқылы қозғалысты оңтайлы реттеу қамтамасыз етілді.

Жолаушылардың жайлылығы үшін заманауи күту павильондары орнатылып, олар навигациялық жүйелермен және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы элементтерімен жабдықталды.

Қауіпсіздік пен абаттандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді: сыртқы жарықтандыру жүйелері орнатылып, тротуарлар салынды, сондай-ақ айналадағы аумақ көгалдандырылды.

«7-қалалық аурухана» және «Салем» базары көлік-аялдама кешендерінің іске қосылуы қаланың көлік жүйесінің өзара байланысын күшейтіп, жолаушылардың ауысып міну уақытын қысқартуға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға және аталған аудандардағы көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Жол құрылысы

Қаланың шет аймақтарында жаңа жолдар салудың негізгі мақсаты – көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру.

Бұл бағыттағы жұмыстар келесі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

  • қаланың шалғай және қарқынды дамып жатқан аудандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • орталық көшелердегі көлік жүктемесін азайтып, автокөлік ағынын тиімді бөлу;

  • шет аймақ тұрғындарының жол жүру уақытын қысқартып, оларды іскерлік және әлеуметтік орталықтармен байланыстыру;

  • заманауи талаптарға сай жолдар салу арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру;

  • қоғамдық көліктің дамуына және оның тиімділігін күшейтуге қолайлы жағдай жасау;

  • жаңа аудандарда шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру арқылы экономикалық белсенділікті арттыру;

  • көлік қолжетімділігі мен тұрмыс жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік мәселелердің алдын алу;

  • қаланың болашақтағы сәулетті дамуына қажетті инфрақұрылым қалыптастыру.

Осылайша, қаланың шеткі бөліктерінде жаңа жолдардың салынуы – қалалық ортаның тұрақты дамуына, тұрғындарға қолайлы болуға және қаланың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал ететін маңызды факторлардың бірі.

2025 жылы 8 шағынауданда (Шаңырақ-1, Шұғыла, Шұғыла-340, Жас Қанат, Алғабас, Ақжар, Боралдай, Рахат-Мәдениет) жалпы ұзындығы 35 шақырым болатын жаңа жолдар салынды.

Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың мамыр айына дейін 4 шағынауданда (Шаңырақ-1, Жас Қанат, Шұғыла, Шұғыла-340) ұзындығы 19,6 шақырым болатын жаңа жолдар пайдалануға берілді.

Жолдардың орташа және ағымдағы жөндеуден өтуі  


Қала көшелері бойында орналасқан тіреу қабырғаларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жабындары, тас және гранит қаптамалары қалыпқа келтірілді. Алматы қаласының аудандарындағы автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтті. Жолдардағы инженерлік люктер маңындағы асфальт жабындары жөнделді.

2026 жылға арналған Алматы қаласының автомобиль жолдарын орташа жөндеу жоспарын жүзеге асты. Орташа жөндеу аясында жүргізілген жол-құрылыс жұмыстарына кепілдік мерзімін 2 жылдан 5 жылға дейін ұзарды.

2025 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу мақсатында жалпы ұзындығы 281 шақырымды құрайтын 347 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде ұзындығы 38 шақырым болатын 15 магистральдық көше қамтылды. Атап айтқанда: Қабанбай батыр, Қажымұқан, Жұбанов, Өтеген батыр (Ұлықбек), Майлин, Бұқтырма, Мөңке би, Бекмаханов, Дулати, Серкебаев, Жароков, Төле би, Бөгенбай батыр, Тілендиев көшелері және Назарбаев даңғылы.

Сонымен қатар ұзындығы 27,8 шақырым болатын жаңа тротуарлар салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2026 жылы жалпы ұзындығы 271 шақырымды құрайтын 335 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 18 магистральдық көше қамтылып, олардың ұзындығы 45 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда 1 сәуірден бастап Жетісу, Зенков магистральдық көшелерінде, сондай-ақ Жанкожа батыр, Мәметова, Щемякин көшелерінде жұмыстар жүргізілуде.

Негізгі жөндеу жұмыстары 1 маусым мен 30 қыркүйек аралығында, яғни мектеп каникулы кезеңінде атқарылады.

2026 жылы магистральдық көшелерді жөндеуге жергілікті бюджеттен 11,7 млрд теңге, ал аудандық және жергілікті көшелерге 13,3 млрд теңге бөлінді.

2026 жылы Алматы қаласы бойынша Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен бірлесіп, жол жабынына аспаптық зерттеу (керн алу әдісімен) жүргізілді. Жол-құрылыс жұмыстарының сапасы тұрақты бақылауда.

Күннің жылынуына байланысты Алматы қаласында ағымдағы жол жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі күні 66 мың шаршы метрден астам жол жабыны жөнделді.

Аталған жұмыстар Гоголь, Төле би, Розыбакиев, Мақатаев, Наурызбай батыр, Байтұрсынов, Қонаев көшелерінде, сондай-ақ Абай, Рысқұлов, Сейфуллин, Абылай хан даңғылдарында жүргізілуде.

Осы жұмыстар аясында 123 люк көтеріліп, 374 люк ауыстырылды және 281 жаңбыр суын қабылдау құрылғысы жөнделді.

«Жайлы мектептерге» кіреберіс жолдар салу

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында және Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №3/547 қаулысына сәйкес, 2025 жылы 7 жайлы мектепке кіреберіс жолдар салынды. Атап айтқанда: Райымбек даңғылы 210, Қарасу, Самғау – Сағи Әшімов, Самғау (Көкорай), Нұрлы дала, Құлжа тракты және Шұғыла – Сабденов көшесі бағыттарында жұмыстар жүзеге асырылды. Жалпы ұзындығы 3,9 шақырым болатын жолдар салынып, 1051 автотұрақ орны ұйымдастырылды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындар да қарастырылған.

Жобаның негізгі мақсаты – білім беру мекемелерінің маңында заманауи әрі қауіпсіз көлік инфрақұрылымын қалыптастыру. Бұл мақсатта мектептерге ыңғайлы кіреберіс жолдар салынып, оқушылардың, ата-аналардың және мектеп қызметкерлерінің кедергісіз қатынауын қамтамасыз ететін автотұрақтар ұйымдастырылды.

Жоба аясында жол қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тротуарлар, жаяу жүргіншілер өткелдері және жарықтандыру жүйелері салынды. Сонымен қатар жеке және қоғамдық көліктің қозғалысын реттеу, жедел қызметтердің еркін қатынауын қамтамасыз ету, көлік жүктемесін азайту және ретсіз автотұрақтардың алдын алу шаралары жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек, жоба аумақты тиімді пайдалануға, экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың барлық санатына, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және жайлы қалалық орта құруға мүмкіндік берілді.

Жоба аясында мына нысандар бойынша жұмыстар орындалды:

  • Самғау шағынауданы, Сағи Әшімов көшесіндегі 1500 орындық мектепке автотұрақ салу;

  • Райымбек даңғылы 210 мекенжайындағы 1500 орындық мектепке кіреберіс жол салу;

  • Қарасу шағынауданындағы 2000 орындық мектепке кіреберіс жол салу;

  • Райымбек даңғылы бойындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешені маңындағы 1500 орындық мектепке автотұрақ пен кіреберіс жол салу;

  • Шұғыла шағынауданы, Сабденов көшесіндегі 2000 орындық мектепке автотұрақ салу;

  • Құлжа трактының оңтүстігінде және Талғар трактының солтүстігінде орналасқан 2000 орындық мектепке кіреберіс жол салу.

Желтоқсан көшесі бойындағы BRT желісінің құрылысы

Алматы қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында және Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы №1/105 қаулысына сәйкес, 2025 жылы ұзындығы 17 шақырым болатын Желтоқсан көшесі бойындағы BRT (Bus Rapid Transit) желісінің құрылысы аяқталды.

Желтоқсан көшесінің тротуарындағы абаттандыру элементтерінде анықталған ақаулар жойылды.

Желтоқсан көшесінің батыс және шығыс жағындағы жол жиегі мен жаяу жүргіншілер тротуары арасындағы учаскелерге автоматты суару жүйесін орнатылып, көгал, бұталар және ағаштар отырғызылды.


Желтоқсан көшесінің жол бөлігіндегі асфальт-бетон жабыны жөнделді және тиісті жол таңбаларын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

Желтоқсан көшесін қайта жаңарту аясында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар бөлігі (брусчатка, жарықтандыру, аялдамалар) толық аяқталды.


Желтоқсан көшесін реконструкциялау барысында көше бойындағы сыртқы жарықтандыру тіректері қолданыстағы стандарттар мен шамдардың сапасын ескере отырып қалпына келтірілді.


Желтоқсан көшесі Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейін асфальтталды. Желтоқсан көшесіне Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейін брусчатка төселді.

«Қолданыстағы BRT желісінен Райымбек даңғылына дейінгі BRT желісінің құрылысы. Құрылыстың 1-кезеңі: Тимирязев көшесінің Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі бөлігі және одан әрі Желтоқсан көшесі арқылы Райымбек даңғылына дейін» жобасының негізгі мақсаты – қоғамдық көлікке басымдық беретін заманауи жолаушылар инфрақұрылымын және қоғамдық көлік дәліздерінің жүйесін қалыптастыру.

Жоба қолданыстағы жол бөлігінің шекарасында жүзеге асырылып, жасыл желектерді кеспей және қаланың Бас жоспарындағы бекітілген «қызыл сызықтар» шекарасын өзгертпей, тек аздаған кеңейтумен жүзеге асты.

Жоба аясында қоғамдық көліктің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, автобустардың үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін арнайы жолақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар барлық санаттағы азаматтарға қолайлы әрі қолжетімділігі заманауи аялдама кешендері салынды.

Сондай-ақ жол инфрақұрылымы жаңғыртылып, жол жабыны жаңартылды, қоғамдық көлікке басымдық беретін бағдаршам жүйелері орнатылды және жол қозғалысын ұйымдастырудың заманауи шешімдері енгізілді.

Қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылып, жол таңбалары сызылып, жол белгілері орнатылды. Бұдан бөлек, тротуарларды жөндеу және іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Желтоқсан көшесіндегі BRT жобасының жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттырып, жолаушылардың жол жүру уақытын қысқартуға, сондай-ақ қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);