AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұрланған көлік құралдарын сатумен айналысқандар ұс...

Ұрланған көлік құралдарын сатумен айналысқандар ұсталды

Заң мен тəртіп 16.09.2021, 06:41 1,236
Ұрланған көлік құралдарын сатумен айналысқандар ұсталды
Сурет: Rg.ru

Тергеу барысында қаскөйлердің 10 көлік құралын ұрланғандары белгілі болды.


Алматыда ұрланған көлік құралдарын бөлшектеп сатумен айналысқан топ құрықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қалалық криминалды полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысты бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғынын және осыған дейін екі рет сотты болған 25 жастағы ер адамды ұстады.



«Оларды құрықтамас бұрын, біздің басқарма қызметкерлері күдіктілердің әрқайсысының атқаратын қылмыстық әрекеттерін арнайы операция барысында зерделеп, ұрланған көлік құралдарын бөлшектеп сатуға жауапты адамды да анықтады. Аталған қылмыстық топ алты адамнан құралған. Олардың үлкендерінің жасы 47-де болса, ең жас күдікті 25-те болып шықты. Бұлардың барлығы оңай жолмен пайда табуды көздеген. Дәлірек айтқанда, екі күдікті өздерін қала базарларының бірінде қосалқы бөлшектер сатумен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде таныстырған. Алайда олардың сауда нүктелерінде тек қана ұрланған көлік құралдарының қосалқы бөлшектері ғана саудаланған», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-нің криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Олар көбінесе ескі үлгідегі BMW, Lada, Nissan, Audi, Volkswagen көліктерін ұрлаған екен.



«Қазіргі таңда үш автокөлік толығымен анықталса, қалған жеті көліктің қайда жасырылғаны анықталуда. Күдіктілердің айтуы бойынша, олар ол көліктерді көршілес облыстарға апарып үлгерген. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда», – деп атап өтті Науатов.


 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #ұрлық #бөлшек #сауда #тергеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);